02 Қазан, 2020
788
Қызылордалық ҚХА балаларға базарлық жасады
Қызылорда облыстық ҚХА және «Жомарт» қайырымдылық үйінің волонтерлері Белкөл кентіндегі мұқтаж отбасында болып, қайырымдылық көмек көрсетті.
Отбасында әкесі үш баланы жалғыз тәрбиелеуде. Анасының мезгілсіз өмірден озуы отағасына қиындық туындатып, әлеуметтік жағдайына әсер еткен. Жалдамалы пәтерде тұратын бұл отбасы қыс мезгілінің жақындауына орай жылы киімге мұқтаж еді.
Алдымен волонтерлер пәтерге келіп, отбасының жағдайымен танысты. Балалардың онлайн форматта білім алуына смартфонның жетіспеушілігі кедергі келтірген. Осыған байланысты, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Ж.Зинелов пен Ә.Ерғалиев балаларға планшет сыйлады. Айта кетерлігі, аталмыш планшетті оқушылар облыстық ҚХА ұйымдастыруымен өткізілген «Dostyk KZ» әлеуметтік жобалар байқауында жүлделі бірінші орынды иеленудің арқасында ұтып алған еді.
Жас дарындар қайырымды іске бастама көтеріп, нәтижесінде облыстық ҚХА үйлестіруімен балаларға кәріс этномәдени бірлестігі және «Жомарт» қайырымдылық үйі белсенділері жинаған қыстық жылы киімдер мен азық-түлік және «Абай-Дәулет» ЖШС ұсынған күріш қапшықтары табысталды.
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы балаларға планшетті дұрыс қолдануды үйретіп, алдағы уақытта білім алу бойынша өз көмегін көрсететінін жеткізді.
Балалардың әжесі Дүйсенкүл апа волонтерлерге алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті