03 Мамыр, 2016
1371
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР БІРЛІК КҮНІН АТАП ӨТТІ
Бүгін Қызылордада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелелік іс-шаралар өтті. «Гүлденген Қазақстан» әнін 150 бала хормен шырқап, «Тәуелсіздікке 25 жыл» деген жазуы бар бума шарлар мен 25 ақ көгершін ұшырылды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
– Бүгінгі татулық пен ынтымақтың төл мерекесі Қазақстан халқының бірлігі күні. Елімізге тыныштық пен ауызбіршіліктен артық тілеріміз жоқ. Отбасының амандығы, дендеріңіздің саулығы, өмірлеріңіздің ажырамас ажары болсын. Асқақ елдік мұраттарыңыз орындалып, өрелі істеріңіз жалғасын тапсын. Алаштың анасы, қазақтың киелі мекені - Сыр топырағында бірліктің бесігін бірге тербеткен ұлттар мен ұлыстардың татулығы әр шаңыраққа береке сыйлап, барша қазақстандықтарға алтын тұғыр болсын, - деді облыс басшысы.
Бұл мереке бірлік пен достықтың символы ғана емес, Қазақстанды Отаным деп санайтын барша түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетіне, тіліне деген үлкен құрметті көрсетеді. Мұндай бірлік пен үйлесімділік мәңгі болсын.
Мерекеде түрлі этностардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес би билеп, әндер шырқалды. Сондай-ақ Орталық алаңда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Айта кететіні, мұндай іс-шаралар Қызылорда облысына қарасты барлық аудандарда да кең көлемде ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый