Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Ақпан, 2017

800

Ұзақ мерзімді перспективалы конституциялық реформаларды жүзеге асыру – жастар қызметіндегі басымдылық

 

2017 жылғы 1 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ  мен елорда этномәдени бірлестіктері ұйымдастырған, Астана қ. ҚХА жастар қанаты өкілдерінің «Ұзақ мерзімді перспективалы конституциялық реформаларды жүзеге асыру – жастар қызметіндегі басымдылық» тақырыбына кеңейтілген отырысы болып өтті.

Мемлекет басшысы ұсыныған конституциялық реформаны жастардың көзқарасы тұрғысынан жан-жақты талқылау- іс-шараның басты мақсаты болды. Сонымен қатар, осы сұхбат алаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстаннның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланып, оның кейбір аспектілері қызу пікірталас туғызды.

Отырысты ашқан «Қоғамдық келісім» КММ  директоры Бақытжан Әбілдинов Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудағы жастардың алатын роліне және болашақтағы әлеуеті зор конституциялық өзгерістерге қолдау көрсету қажеттігіне тоқталып өтті.

«Біздің жастарымыз –қазіргі қоғамның және оның болашағының негізі. Сондықтан, біздің саяси жүйемізді өзгертуге бағытталған конституциялық өзгерістерді, сондай-ақ Президент Жолдауында аталған, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтары жөнінде талқылауды жастардың көзқарасы тұрғысынан қарау керек. Қазақстанға сылбыр, жігерсіз жастар емес, саяси белсенді жастар керек» - деп, атап өтті Б.Әбілдинов.

Отырыс барысында Астана қ. ҚХА этномәдени бірлестіктері жастар қанатының жекелеген өкілдері конституциялық өзгерістердің әлеуеті мен перспективасына және билік тармақтарының арасында өкілеттіліктерді қайтадан бөліп беру мәселелеріне қатысты өз ойларын ортаға салды. Іс-шара қорытындысында жиналғандардың ойы реформаның дер кезінде жасалғанына, маңыздылығына және оған халық болып кеңінен қолдау көрсету керектігіне тоғысты.

Кейін қарай