Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Ақпан, 2016

635

Өзара іс-қимылдың жаңа қырлары талқыланды

22 ақпан күні ҚР ұлттық академиялық кітапханасында  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мачей Лангпен кездесуі болды.  

Кездесуге Астана қаласындағы «Поляки» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Елена Роговская мен «Индустрия және туризм ұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымы төрағасының орынбасары  Олег Мецик қатысты.

Делегацияның кездесуі барысында этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі таныстырылды. Е.Тоғжанов шетелдік қонақтарды ҚХА-ның құрылу тарихымен,  конституциялық мәртебесімен таныстырып, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бойынша алда тұрған міндеттер мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы; халықаралық ынтымақтастық туралы хабардар етті. 

Кездесу барысында елімізде тұратын түрлі диаспоралар өкілдері қатысатын Ассамблея жұмысының оң нәтижелері, сондай-ақ екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Кездесудің басты тақырыптарының бірі поляктар тарихындағы елеулі оқиға болды – биылғы жылы поляктардың Қазақстанға депортацияланғанына 80 жыл болады. 1936 жылғы 28 сәуірде сол кездегі КСРО басшылығы Украинада тұратын поляктарды қазақ даласына көшіру туралы қаулы шығарады. Олардың шекара аймақтарында тұруға «саяси тұрғыдан сенімсіз элементтер» деп танылуы поляк халқы үшін ауыр соққы еді. Нәтижесінде  он мыңдаған поляктар өз мекендерін тастап, көшуге мәжбүр болды.  Мачей Ланг ҚХА аясында осы тарихи датаға арналған ауқымды іс-шара өткізу туралы ұсыныс жасады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мачей Лангтың ұсынысын қолдады.  

 

  

Кейін қарай