
19 Сәуір, 2020
1571
Зайнуддин Махусеев: Арман алдамайды
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы еркітілер орталығының жетекшісі, «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің мүшесі Махусеев Зайнуддин Абдулбахтиярович өміріндегі орындалған арманы, алға жетелеген мақсаттары туралы сыр шертеді.
Әр адам баласының өмірінде орындалуы мүмкін емес көрінетін бір арман болады. Менің де бала күнімнен көкейімде сондай бір арман болды. Тіпті кейде соны жеңу үшін «қандай мақсат қойсам болады екен алдыма?!» деп те ойлаушы едім. Бірақ бәрібір ол арманым маған алынбас қамалдай көрінетін. Ол менің Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесіп, қол алысып амандасу болатын. Мен Елбасын үлгі тұтамын, ол кісі арқылы өзімді тәрбиелеймін.
Алайда, арман алдамайды екен. Менің арманым орындалды. Тіпті артығымен десем де болады. Елбасымен ең алғаш Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессияларының бірінде кездестім. Кездесу деген жеткіліксіз-ау, Нұрсұлтан Әбішұлымен бір мінбеде қатар отыру бақыты бұйырды. Кездесуді армандаған мына маған, қатар отырғаным тіпті көңілімді қуаныштан күпті етті. Кеудемді мақтаныш кернеді. Елбасы қолымды қысқан кездегі сезімді айтсаңызшы?!
Мен дәл осы күнге дейін қаншама еңбек етіп шаршағаным да, ұйқысыз күндерім де - бәрі де ұмыт болды. Шынымды айтсам, екінші тынысым ашылғандай сезімде болдым. Ертеңгі күніме, алда жетер жетістіктерім мен армандарымның міндетті түрде орындалатынына көзім жетіп, сенімділігім арта түсті. Мен үшін барлығы тәтті түс секілді сезілді. Орындалмас арманымның алдында тұрған мен үшін қобалжу да заңдылық еді.
Арман қандай болса да ол үшін алға ұмтылудан танбау керек екен. Мен арманымды бағындыра алмаймын деп сенсем де, еңбек етуден, алға ұмтылудан жалыққан емеспін. Оған дәлел – менің тынымсыз еңбек етіп, өз шаруашылығымды ашып, жемісін жеп, мерейленіп отырғаным! Осылайша «Елбасымен кездессем!» деген кішкентай баланың арманы орындалды.
Маған Елбасымен кездесу құрметі екі рет нәсіп етілді. Екінші кездесуім өзімнің туған жерім - Тараз қаласында өтті. Елбасы біздің сәні мен сәулеті келіскен су жаңа Достық үйімен танысуға келген болатын. Тұңғыш Президентпен осы кездесудегі маған тағы бір ұнаған және таң қалдырған тұсы - бәрімізді аса, зор зейінмен тыңдай алғандығында! Бұл үлгі аларлық дүние.
Ол уақыттың тығыздығы мен өзінің Президент бола тұра біздің әрқайсымызды зер салып тыңдап, ой бөлісуі менің ол кісіге деген шексіз құрметімді арттырып, сенімімді шыңдады! Мен сол сәтте осында ғажап адам басқарып отырған елдің ұланы екеніме іштей қатты қуандым. Оның жақсы тілегі, қолдауы менің болашаққа деген зор үмітімді оятып, қанаттандырды.
Мен дәл осы күннен бастап кез-келген арманның орындалатынына және ол үшін алға ұмтылуды тоқтатпау керектігін ұғындым. Біз өз тағдырымызға өзіміз әсер ете аламыз. Өз болашағымызға өзіміз жауаптымыз. Тек дұрыс армандап, дұрыс әрекет ету керек, ағайын!
Елбасымен тамаша кездесулерден кейін менің басқа да алға қойған мақсаттарым орындалды. Оған түрткі болған, менің ең үлкен арманымның орындалуы екені сөзсіз. Қазір айналысатын кәсібім бар. Сол арқылы мен де еліме өз пайдамды тигізсем екен деймін. Елбасы артқан, ел артқан сенімді ақтамауым мүмкін емес!
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті