17 Ақпан, 2022
674
Өзбек қауымдастығы этносаралық келісімді нығайтудағы миссиясын сәтті орындап келеді
Бүгін Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қазақстан өзбектерінің этномәдени бірлестіктері қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ф.А. Қаратаев, «Дустлик» республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Р.С. Халмурадов, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И.А. Хашимжанов, сондай-ақ өзбек этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның құрылымдары өз қызметіндегі жаңа тәсілдерді қолдану, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін арттыру және ҚХА жастар кадрлық резервін қалыптастыру нұсқалары, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің медиа-жұмысы талқыланды.
Өз кезегінде жиынға қатысушылар тұшымды ойларын ықшамдап ортаға салып өтті. Алдағы уақытта олардың барлығы құзырлы мемлекеттік органдарда пысықталып, ғылыми-сарапшылық алаңдарда талқыланатын болады.
Қазақстан өзбектері мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құрудағы барлық азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі қадамдарын толық қолдайтынын және іске асыруда барынша қолдау көрсететінін атап өтті.
Өз кезегінде Марат Әзілханов «Дустлик» қауымдастығы өзбек этносының өкілдерін қазақстандық қоғамға біріктіру, оларды Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту процесіне тарту миссиясын жоғары деңгейде орындап жатқандығын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті