12 Желтоқсан, 2015
1148
Өзбек этномәдени бірлестігіне 25 жыл
2015 жылғы 12 желтоқсанда Шымкент қаласы, Сайрам ауылындағы облыстық өзбек драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында өзбек этномәдени бірлестігінің 25 жылдық мерейтойы атап өтілді.
2015 жылғы 12 желтоқсанда Шымкент қаласы, Сайрам ауылындағы облыстық өзбек драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында өзбек этномәдени бірлестігінің 25 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Іс-шарағы ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, жастар қауысы қатысты.
Шара барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов жиналған қауымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен және облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде: «Түбі бір қазақ-өзбектің бір-біріне деген құрметі, мызғымас достығы ерекше деп білеміз. Соның бір айғағы, бүгінде өңірімізде 1 облыстық өзбек этномәдени бірлестігі мен қала, аудандарда оның 15 филиалы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыс бойынша өзбек тілінде 19 мектеп жұмыс жүргізетін болса, олардан бөлек аралас мектептерде жүзге жуық өзбек сыныптары бар. Бірқатар облыстық, аудандық, қалалық телеарналарда өзбек тілінде жаңалықтар мен түрлі форматтағы хабарлар таратылса, облыстық «Жанубий Қозоғистон» газеті және бірқатар тәуелсіз газеттер өзбек тілінде жарық көреді. Сондай-ақ, республика бойынша тек біздің облысымызда ғана осындай өзбек драма театры бар. Жалпы, өзбек этносының өкілдері өңіріміздегі барлық салаларда аянбай еңбек етіп, экономикамыздың өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып келеді», - деді.
Мерекеге Ташкент қаласынан арнайы шақырылған қонақтардың бірі, Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасының көмекшісі Дәмір Қазыбаев жиналған қауымда Қазақстан халқын ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекелерімен құттықтады. Ол: «Біз, Өзбекстанда жасайтын қазақтар, Қазақстанның әрбір жетістігін, сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына жолдаған Жолдаулары мен даму бағдарламаларын қуана қарсы алып отырамыз және де ол жақтағы қазақтардың арасында ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін сақтап қалу үшін барынша еңбек етудеміз», - деді.
Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов облысымызда этносаралық татулық пен бірлікті нығайтуға үлкен үлестерін қосқан азаматтарға «ҚХА- 20 жыл» төсбелгісін тапсырды.
Сонымен қатар, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжанов бірқатар азаматтарды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік іс-шара соңында өзбек драма театрының әртістері сахналық қойылым ұйымдастырып, ән-биден шашу шашты.
_________________________________________________
ОҚО ассамблея хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-і
Баспасөз қызметінің байланыс телефондары: +7 (7252) 77-05-97, +7 771-137-06-82
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты