Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Мамыр, 2016

802

Өзбек этномәдени орталығы ардагерлерді құттықтады

9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Өзбек этномәдени орталығы тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап қайырымдылық ас берді. Бұл игілікті ic-шараны  жыл сайынғы дәстүрге айналдырған - «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тәжібуви Медетова. Ic-шараға жалпы саны 40-тан астам адам шақырылған. Достық үйінің шығармашылық ұжымдары ән мен биден шашу шашып, ардагерлерге соғыс жылдарындағы әндерден концерт қойылды.

Жиналған ардагерлер мен тыл еңбеккерлері майдандас достарын еске түсіріп, қасіретке толы соғыс кезеңін әңгімеледі. Ардагерлерді  арнайы құттықтап келген Ақмола облысы Қорғаныс істер жөніндегі департамент басшылығы мен «Дала казактары ұйымы» қоғамдық бірлестігінің аймақтық атаманы, ауған соғысының ардагері Николай Коваленко Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне алғыстарын айтып, зор денсаулық тілесе, облысқа танымал өнер иелері Зоя Авилова, Олег Вольский, Наталья Замолоцких соғыс жылдарындағы әндерден поппури орындап, ардагерлер көңілін бір серпілтіп тастады.

 Іс-шара соңы дәстүрлі «Жеңіс күні» әнімен аяқталып, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдіріп, тарқасты.

   

   

 

 

«Қоғамдық келісім»

 мекемесінің баспасөз орталығы

Кейін қарай