Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Маусым, 2016

1708

Әзербайжан халқының мәдениеті күні

Қалалықтардың ең сүйікті орталық саябағында өткізілген әзербайжан халқының мәдениеті күніне, әдеттегіндей, халық көп жиналды. «Ватан» әзербайжандар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұжымдары осы күні павлодарлықтарға ұлттық киімдерді, салт-дәстүрлерді, көркемөнер кәсібін, ұлттық тағамдарды ұсынды.

Басқа халықтар сияқты әзербайжан этносында да көптеген қызықты «суннат той»,  «башлық төлеу», «чябин» сияқты т.б. салты, дәстүрі мен ырымдары бар. Осы күні іс-шараның ұйымдастырушылары қонақтарды «нишан» (құдалық) салтының элементтерімен таныстырды.

Салт бойынша, құдалық күні құдалар табақтарымен келіннің үйіне барады. Оларды үстелдің төріне отырғызады. Қыздың туыстары да бұл іс-шараға қатысады, ал қалыңдықты басқа бөлмеге алып кетеді. Келіннің үйінде той қуанышты өтеді, үлкен дастархан жайылады. Келінге сыйланған көптеген сыйлықтардың арасында, күйеу бала туыстары сақина мен орамал алып келеді. Мереке қызған шақта күйеу жігіттің тәтесі немесе үлкен әпкесі келінді қонақтарға апарып, саусағына сақина кигізеді. Ол салт бойынша «сыймайды» деп айта береді. Сол кезде қызға құнды бір нәрсе сыйланады. Сыйлықты алғаннан кейін ғана сақина қыздың саусағына сыяды! Содан соң қыздың басына қызыл орамал тағылады, бұл қуаныш, махаббат және бақытты білдіреді. Бұдан кейін келінді туған-туыстары мен құрбылары құттықтап, сыйлықтарын сыйлайды. Өз кезегінде келін өзінің қонақжайлылығын білдіріп, қонақтарға тәтті шай құйып береді.

Өзінің атқарған қызметі аралығында әзербайжан этномәдени бірлестігі этносаралық қатынасты дамыту мен нығайтуға зор үлесін қосты және Ертістің Павлодар өңірінің көпұлтты әр алуандылығына қайталанбас бояу қосты. «Біз, Қазақстанның барлық халқы сияқты, ең қымбат – халқымыздың бейбітшілігі мен бірлігін сақтау, қол жеткізгенімізді одан әрі дамыту үшін барлық күшімізді саламыз. Өз күшімізбен, сонымен қатар шығармашылығымызбен халқымыздың одан әрі тату және мықты болуы үшін бәрін жасаймыз», - деді өз сөзінде «Ватан» әзербайжандар этномәдени бірлестігінің төрағасы Джафар Джафарович Махмудов. Сондай ақ, ол барлық қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы демалыс тіледі.

Жиналған қауым іс-шара шеңберінде бірлестіктің хореографиялық және вокалдық ұжымдарының, әншілердің және Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушыларының бағдарламасын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараны Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, әншілер және жүргізушілер Мақсат Батырбеков пен Екатерина Селиванова «Қазақ елі осындай» әнімен аяқтады.

   

   

   

 

Айтпаев Мақсат 

Кейін қарай