Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Желтоқсан, 2015

766

Әзербайжан мәдени күні.

Оралдағы Жастар шығармашылығы орталығында әзербайжан мәдениетінің күні өтті. 

Оралдағы Жастар шығармашылығы орталығында әзербайжан мәдениетінің күні өтті.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар қауымы қатысты.

Іс-шара ұйымдастырушылары - «Бірлік» әзербайжан этномәдени бірлестігі болды.

Шара барысында қонақтар фотокөрмемен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында Қазақ елінде бейбітшілік пен келісім нық орнап, бұл іске «Бірлік» бірлестігінің де елеулі үлес қосып келе жатқандығын атап өтті. Әсіресе, балалар үйі мен №15 көмекші мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетіп отырғаны үшін ризашылығын білдірді. ҚХА жылы аясында өтіп жатқан мұндай шаралар тек ел бірлігін нығайтуға бағытталуда.

Атырау қаласындағы әзербайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Эльдар Ахметов, Орынбор облысындағы қандастары атынан Шәкір Алиев түрлі ұлт өкілдерімен бірге, тату-тәтті өмір сүрудің маңыздылығын айтып, Қазақстанға жер аударылған халықтарға қол ұшын созған қазақтардың бауырмалдылығын ұмытпайтындығын жеткізді.

«Бірлік» әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Наджаф Мамедов достық туы астында Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын жүзеге асыруға әзербайжан ұлтының өкілдері де белсене атсалысатынын айтты.

Этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концертте халық әндері мен билері орындалды.

Кейін қарай