22 Мамыр, 2017
1009
Зейнеп Ахметованың қатысуымен Аналар кеңесінің форумы басталды
19 мамыр күні Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық Аналар кеңесінің «Дәстүрлі құндылықтар және рухани жаңғыру» атты форумы өтті. Оған жазушы-этнограф, қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлының келіні, қазақы дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды, дәстүрлі дінді, ұлттық рухты насихаттаушы Зейнеп Ахметова, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық, аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, интернационал отбасылар, көпбалалы аналар мен этномәдени бірлестік мүшелері, мұғалімдер, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов жүргізеді. Форумның маңыздылығын атап, З.Ахметованың өнегелі өмір жолына тоқталып өтті.
Зейнеп Асқарбекқызы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі жылдарындағы өміріне арналған естелік-кітап «Шуақты күндердің» және «Әзіліңді сағындық», «Бабалар аманаты» кітаптарының авторы.
Форум барысында Зейнеп Асқарбекқызы отбасылық құндылықтар, дәстүрлі дін, ұлттық салт-дәстүр, қазақ қызына тән болмыс, қоғам қалыптасуындағы ана-әже рөлі туралы әңгіме айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ата мен келіннің арасындағы байланысты, қаталдық артындағы жұмсақтықты, таяқтың ұшындағы тәрбие мәселелеріне тоқтала кетті. Батырдың келіні болу - үлкен жауапкершілік пен ұқыптылықты талап еткендігін де айтып өтті.
Айта кету керек, дана келін, дара келін Зейнеп Асқарбекқызын көруге келушілер қатары көп болды. Ғибратты әңгімелерін тыңдап, өнегелі өсиеттерін ойларына түйді. Форум пікір-алмасу, сұрақ-жауаппен жалғасын тапты.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті