
17 Қазан, 2017
1085
Жұмысқа аналар кіріскен кезде..
Отбасы құндылықтарын сақтаушы ретіндегі аналардың қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жұмысы ерекше қуат береді. Олар ұлттық кодты сақтап қалу үшін отбасылық тәрбиелеу аясындағы маңызды бағыттарды белгілей алады, ұлттық бірегейліктің негізгі ұстанымдарына жаңа көзқарас қалыптастырады.
Шымкент қаласындағы ҚХА Аналар кеңесінің республикалық кеңейтілген отырысында дәл осындай міндет қойылды. Қазақстан халқы
Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай өз сөзінде былай деген: «Өзінің мәдени кодын, өзінің рухани бастамасын сақтау Қазақстан халқы Ассамблеясының, ең алдымен, Аналар кеңесінің қызметінің басымдылықтарының бірі болып табылады». «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар бар, олар барлық қазақстандықтардың рухани бастамасы ретінде отбасы институтына тікелей қатысты. Соңғы бірнеше жыл ішінде республикадағы аналар кеңесі сегіз есе өсті, бұл отбасы институтын нығайтудың маңыздылығын көрсетіп отыр.
Барлық облыстық филиалдар республикалық форумға қатысты, олардың өкілдері бір-бірімен атқарылған жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Басқалардың арасында жақсы мысал ретінде төрайымы Зере Қиықованың басшылығымен атқарылған біздің бірлестіктің жемісті жұмысы ескерілді. Біздің делегация келіп жеткен кезде Қоғамдық келісім сарайында «Рухани жаңғыру» - «Духовное возрождение» бағдарламасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлін талқылаған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның ашылу салтанаты кезінде, Зере Қиықова қоғамның тұрақтылығында және адамгершілік құндылықтарды насихаттауда отбасының маңыздылығын атап өтті. Кеңес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар маңызды міндеттерді жүзеге асырады: қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады, кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс жасайды, халықтың рухани мәдениеті негізінде қыздарды тәрбиелеумен айналысады.
Облыстың білім ұйымдарында 12 қыздар клубы ашылып, басқаларға үлгі-өнеге көрсетуде. Бұл жерде басты отбасы құндылықтарының, ең жақсы ұлттық дәстүрлердің сабақтастығы бойынша патриоттық жұмыс жөнге келтірілген. Сонымен қатар Аналар кеңесі науқас балаларға қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, 6 миллион теңге жинады. Бір баланы Түркияда емдеп, үшеуін Челябинскте, тағы екеуін Мәскеуде емдетті. «Мейірімділік жолымен», «Бақыт сыйла» акцияларының нәтижесінде көмекке ие болған ата-аналардың шексіз алғысын айтуға болады.
- Аналар кеңесіне - дейді Зере Еспайқызы, - өскелең ұрпақ арасында мәдени-тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыру, жастар арасында ажырасуды, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды азайту бойынша рухани-адамгершілік міндет артылған. Тек біздің облыста ғана некелердің жартысы бұзылып, ол барлық қоғамның кірісуін талап ететін үлкен жұмыстың күтіп тұрғанын білдіреді.
Қатысушылар осы саладағы жұмысқа қызығушылық танытты. №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі, «Мәншүк» клубының жетекшісі Айнагүл Жазиева қыздарды осы клубтың қызықтыратынын білген жоқтығын айтады, бұл жерде әдептілікке ғана емес, отбасы шаруашылығын жүргізуге, жақсы әйел, ана болуға, отбасын сақтауға үйретеді дейді. Жиналған қауым Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ашылған «Әйгерім» қыздар клубы туралы жаңа ақпарат алды. Бұл жерде республикамызда алғаш рет Әкелер кеңесі ашылған.
«Абай әлеміне саяхат» клубын ашқан №11 мектеп-гимназиясының тәжірибесі ерекше қызықтырды. Оның жетекшісі Зәуреш Какабаева: «Қазіргі уақытта «Туған жер» бағдарламасы бойынша біздің балаларымыз Абайдың отаны Семейде болды, Ф. Достоевский мен Ш. Уәлиханов музейлеріне барды, қасиетті бұлақтан су ішіп, Абайдың туған ауылында бірнеше күн тұрды. Осы атмосфераға кірігіп, түрлі ұлт өкілдерінің балалары бір бірімен қазақ тілінде сөйлеп, достасып, Абайдың өлеңдерін оқып, құрт дайындауды, бауырсақ пісіруді үйренді, сиыр сауды. Жай ғана жазды керемет өткізбей, өздерінің Отандарына бір қадам жақындай түсті». Оның әңгімесін оқушылардың бірі Никита Филатов таза қазақ тілінде жалғастырып берді: «Ол Абай әлеміне нағыз саяхат, ұмытылмас әсер болды, ұлы ақынның туған жеріне жай ғана барып көру емес, тіпті сонда өмір сүріп көру нағыз бақыт екен. Оның әлемін тамашалап, біз Абайдың отанын өзіміз үшін ашып, оның ауасымен тыныс алдық».
Сөз сөйлей отыра, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің мұғалімі Күлтай Кәрімжанова бізде осындай клубтардың ашылып жатқанына, балалардың онда түрлі тілдерде білім алып, түрлі ұлттардың мәдениеттерінің өзара кіріп жатқанына өз қуанышын білдіріп, мысалға 22 тілде амандаса алатынымен мақтанды. «Біздің Аналар кеңесі барлығына мысал, үлгі-өнеге болып отыр, балалардың санасы таза, үлкендерге құрмет көрсетіп, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге қалай тәрбиелеу керектігін көрсетеді»
Іс-шараның соңы отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша ұсыныстар қабылдауға ұласты, олар, ескертіліп өткендей, «біз бақылап отырған радикалдану құбылыстарының орнын басатын лайықты шешімдер болуы тиіс. Бұл үшін отбасының, аналықтың және әкеліктің ұлтты нығайту негіздері ретіндегі жауапкершілігін арттыру қажет».
Александра МЯКОТА.
Дата события ассамблеи: 17.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді