
19 Қаңтар, 2016
775
Жұмыс жоспары талқыланды
Шымкент қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен өңіріміздегі 20 этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесу өткізілді. Жиын барысында хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов Ассамблея жылындағы атқарылған іс-шараларды қорытындылай келе, 2016 жылға бекітілген жұмыс жоспарларымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы атқарылатын іс-шаралардың барлығын Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, бекітілген желілік кестеге сәйкес өткізу жоспарланғандығы айтылды. Жиынға қатысушыларды желілік кестедегі Ассамблеяға қатысты іс-шаралармен кеңінен таныстыра отырып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге белсене атсалысуға шақырды.
Жиын барысында этномәдени бірлестік төрағалары атынан сөз алған түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов: «Елбасымыздың 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығы бойынша 1 наурыз Алғыс айту күні деп белгіленді. Осыған орай, Оңтүстік өңірін мекендеген 100-ден аса этнос өкілдері атынан «Қазақ халқына мың алғыс!» монументін орнату жұмыстары жүргізілуде. Монумент «Қоғамдық келісім» мекемесіне берілген бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры жанына орнатылады», - деп жиналғандарды хабардар етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы