Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қаңтар, 2016

952

Жүрек жылуын сыйла !

Қазақстан  халқы Ақмола ассамблеясы мен Қазақстан іскер әйелдері ассоцияциясының бірлескен қайырымдылық акциясы осылай аталады. Көкшетау қаласындағы Қоғамдық келісім үйінде өткен іс-шара «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясының шеңберінде өткізіліп жатыр. Бұл іс-шара сонымен қатар облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылған. Тәуелдіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы барысында ісмер әйелдер шұлық, күртеше, қолғап тоқып, шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға тапсырмақ ниетте. Бұл күні тоқылған тоқыма заттары көп балалы және  тұрмысы төмен отбасыларына беріледі.

Дастархан басында ән айтып, көтеріңкі көңіл күймен жиналған қыз-келіншектер әп –сәтте түрлі киім кешектерді тоқып тастады. Сонымен қатар ені 2 метр ал ұзындығы 3 метр болатын кенеп матадан тоқылған клемшені Ақмола облысы тоқып бастап әрі қарай Солтүстік Қазақстанға жібереді. Өз кезегінде көршілес облыс кілемшеде өз бөлігін тоқып келесі облысқа жөнелтпек. Осылайша 2016 жылдың желтоқсай айында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дайын болған бұйымды Тұңғыш Президент музейіне сыйға тартпақ.

Қоғамдық келісім үйінің залы бұл күні қайырымдылық шарасына өз үлесін қосамын деген атымтай жомарт азаматтарға лық толы болды. Облысқа танымал «Арман» тоқыма фабрикасының өнімдері де игілікті іс-шараға қатысып, мұқтаж жандарға өз жылуын сыйлады.

 

   

 

Динара Дүйсен

«Қоғамдық келісім»

 мекемесінің баспасөз хатшысы

Кейін қарай