
13 Қаңтар, 2016
1153
ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙЫҚ
Жыл сайын жаңа жылдық демалыстарда «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық акцияларын өткізуді дәстүрге айналдырған. Биылғы жылы қоғамдық бірлестік қайырымдылық шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізді.
«Казачья вольница» «Лучик надежды» мүгедек балаларға көмек орталығы» қоғамдық ұйымымен бірлесіп, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қолдау көрсетуімен, дамуында ауытқуы бар, сал ауруына шалдыққан балаларды бағып отырған отбасылардың үйлерін аралап, Жаңа жылмен құттықтады.
«Казачья вольница» белсенділері ұлттық киім киіп, Аяз Ата мен Ақшақар бейнесінде кішкентай бүлдіршіндерге нағыз мереке жасады.
- Аталмыш шараны осымен тоғызыншы рет өткізіп отырмыз, - деп баяндайды «Казачья вольница» бірлестігі жастар қанатынің жетекшісі Михаил Кулишевич, - 21 отбасының үйінде болдық, балалардың жағдайымен таныстық. Барлық өнерімізді салып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Балалардың көбісі Аяз Ата, Ақшақармен алғаш рет жүздесті. Әрбір іс-ашараны Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан өткізіп келеміз, бұл дәстүрді әрі қарай жалғастыру ниеттеміз, - деп өз әсерімен бөлісті.
Ата-аналар өз тарапынан қайырымды іс күтпеген қуаныш болды дейді. Балалар шектеулі мүмкіндігіне қарай, қоғамдық мерекелерге қатыса алмайды, сондықтан әрбір жаңа таныстық олар үшін ерекше шаттық әкеледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы 2015 жылдың 20 қарашасынан бастау алған. Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілетін болады.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim_krg@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
-
Маңғыстауда «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды
-
Қызылорда облыстық ҚХА қайырымдылық концертін ұйымдастырды
-
Ақмола облысының поляктар бірлестігі Ана күнін атап өтті
-
Көкшетауда меценаттарға қошемет көрсетілді
-
«Жомарт Жүрек» концерттік бағдарламасы қойылды
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
-
Маңғыстауда «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды
-
Қызылорда облыстық ҚХА қайырымдылық концертін ұйымдастырды
-
Ақмола облысының поляктар бірлестігі Ана күнін атап өтті
-
Көкшетауда меценаттарға қошемет көрсетілді
-
«Жомарт Жүрек» концерттік бағдарламасы қойылды