
25 Қараша, 2016
1243
«Жүректен - жүрекке» атты форумы өтті
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жүректен жүрекке» облыстық қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың форумы өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-сессиясында Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына жаңа міндеттер жүктеген болатын, олар – қайырымдылық және медиация салаларын дамыту.
Форум мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға жанашырлық сезімін оятып толеранттық қатынасты тәрбиелеу.
Қонақтар меценаттардың, қайырымдылық жасаушылардың, еріктілердің облыстың мұқтаж тұрғындарына көмек көрсету сәттері бейнеленген фотосуреттер көрмесімен таныса алды.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев қатысып «Батыс Қазақстан облысындағы қайырымдылықтың дамуы» тақырыбында баяндама жасады.
- Алдарына мақсат қойып, қоғамымызда қиын жағдайға ұшырап қалған азаматтарға қолын созған адамдар аз емес, қоғамдық ұйымдар құрылып, аз қамтылған отбасыларына күнделікті қамқор болып отыр, барлығы осы жылдың ішінде 5 мыңға жуық қайырымдылық шараларын өткізілді, оған 3 мыңдай адам қатысып, батысқазақстандықтарға 30 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Біздер қайырымдылық шараларын көбірек өткізіп, оған көптеген азаматтарды жұмылдыруымыз қажет, – деді Бағдат Азбаев.
Батыс Қазақстан облысының әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы А.С.Көлгіновтың атынан қайырымдылық берушілер мен меценаттарға «Золотое сердце в созвездии этносов», «Аялаған алақан», «Шапағат шуағы», «Қамқор», «Подари надежду» , «Лучший меценат», «Туған елге - тағзым» номинациялары бойынша алғыс хаттар табысталды.
Жиналғандар алдында «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы В.К.Джунусов, кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты М.В.Пак, қала тұрғыны, зейнеткер Клара Хайрушева, «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев сөз сөйледі. Форум аяқталған соң «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы өтті, автокөліктер қайырымдылық көмекпен аз қамтылған 110 отбасына жол тартты
Жиын соңында қайырымдылықты дамыту бойынша үйлестіру кеңесі бекітіліп, қорытынды құжат қабылданды.
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті