
04 Қараша, 2016
2370
«Жүсіп Баласағұн шығармашылығының өшпес беттерінен»
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы және «Түрік мәдениеті» ҚБ «Жүсіп Баласағұн шығармашылығының өшпес беттерінен» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел дүниежүзі туғанының 1000 жылдығын атап өткен белгілі ортағасырлық ойшыл Жүсіп Баласағұнға арналды.
«Кұтадгу білік» — Жүсіп Баласағұнның бізге дейін жеткен жалғыз шығармасы. «Кұтадғу білік» түрік тіліндегі тұңғыш энциклопедиялық туынды болып табылады. Поэма философиялық шығарма, онда адам өмірінің маңызы мен мәні талданады, адамдардың қоғамдағы міндеттері мен мінез-құлық нормалары айқындалады. Поэма авторы билік басындағы адамдармен бірге қарапайым жандардың қандай болу керектігін, қандай адами қасиеттерді меңгеруі керектігін көрсетеді.
Осылайша, поэма авторы өз шығармасында билік басындағыларға бірқатар әділетті талаптар қояды: білімді болу, адамдарға қамқорлық жасау, әдебиет пен өнерді саралай білу. Бұл еңбек саяси трактат болып қана қоймай, өз дәуіріндегі білім және мәдениеттің түрлі саласындағы білім жиынтығы болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында мынадай сұрақтар қаралды: ойшылдың өмірбаяны, философиялық, педагогикалық, саяси және діни көзқарастары, поэманың әдеби ескерткіш ретіндегі маңызы, Жүсіп Баласағұн есімін мәңгілік есте қалдыру үшін елдімекен, көше атауын беру, мұражай ашу, ескерткіштер орнату. Іс-шара барысында Ж.Баласағұн шығармалары қазақ, орыс және түрік тілдерінде айтылды және де жас қобызшылардың орындауында халықтық шығармалар тыңдалды.
Семинарды ұйымдастыруға және өткізуге: «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінен «Сұлтан» ААҚ ҰҮК бас директоры Картал Идрис бей, «Түрік мәдениеті» ҚБ төрағасының орынбасары Хасанова Д.Г., М.Қозыбаев атындағы университеттің «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасынан кафедра меңгерушісі Гривенная Л.А., профессор Никифоров А.В., «Қазақ тілі кафедрасының» меңгерушісі Ахметова Т.А., ғылыми-әдістемелік бірлестік мүшелері және студенттері, СҚО әкімдігінің қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.
Людмила Гривенная
«Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі
Ұқсас жаңалықтар
-
Б. Баяхунов шығармашылығының мерейтойлық кеші
-
Елордада өшпес рухани құндылықтар жайлы әңгіме болды
-
Украин халық шығармашылығының IV халықаралық фестивалі өтті
-
АХМЕТ МУРАДОВ: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ТҰРМЫС ҰҚСАСТЫҒЫ ХАЛЫҚТАРДЫҢ БАСЫН БІРІКТІРЕДІ
-
Қолөнер шеберлік сыныбының қатысушыларына сертификат тапсырылды
-
Нұр-Сұлтандағы Достық үйінде Қолөнер шығармашылығының орталығы ашылды
1 Мамыр, 16:02
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
1 Мамыр, 12:42
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
30 Сәуір, 21:13
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
1 Мамыр, 12:29
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
сегодня, 10:28
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Б. Баяхунов шығармашылығының мерейтойлық кеші
-
Елордада өшпес рухани құндылықтар жайлы әңгіме болды
-
Украин халық шығармашылығының IV халықаралық фестивалі өтті
-
АХМЕТ МУРАДОВ: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ТҰРМЫС ҰҚСАСТЫҒЫ ХАЛЫҚТАРДЫҢ БАСЫН БІРІКТІРЕДІ
-
Қолөнер шеберлік сыныбының қатысушыларына сертификат тапсырылды
-
Нұр-Сұлтандағы Достық үйінде Қолөнер шығармашылығының орталығы ашылды