17 Ақпан, 2020
1430
Ж. Түймебаев елордалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті
Елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен құрылым мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ассамблея Төрағасының орынбасары мемлекетіміздің Конституциясы ұлты, нәсілі, діні мен басқа да өзгешеліктеріне қарамастан, өзінің барлық азаматтарының мүдделерін қорғауға кепілдік беретінін атап өтті.
ҚХА ұлттық бірліктің мемлекеттік саясатының сенімді тірегі бола тұрып, тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғада Ассамблея шет қалмай, кикілжіңді шұғыл шешу үшін алғашқы минуттарда-ақ бірқатар жұмыстар атқарған болатын. Ж.Туймебаев қылмыста ұлт жоқ екендігін атап өтті. Барлық кінәлілер Заңға сәйкес жауапқа тартылады. Сонымен қатар ол кикілжіңнің себептеріне тоқтала отырып, мемлекеттің аталған мәселе бойынша толық түсінігі мен оның шешу алгоритмінің бар екендігін айта кетті.
Кездесу барысында «Бірлік көптүрлілікте» принципі негізінде қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастың негізі ретінде – мемлекеттік тілді үйрену, жалпыұлттық тарихи сананың дамуы және т.б. бойынша бірқатар міндеттер қойылды.
Өз кезегінде, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші рөліне назар аударды. ҚХА басты міндет – этностарды интеграциялауды орындауға жәрдемдесті. Тәуелсіздік жылдар бойы бірде-бір этнос жекелену стратегиясын таңдаған жоқ және олардың барлығы бұдан әрі де қазақ халқының ынтымақшылдығы негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын екендерін білдірді.
Қорыта келе, ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің жетекшілерін арандатушылыққа жол бермеуге шақырды. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттің бағыт-бағдары мен ұстанған саясаты ары қарай жалғаса береді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті