03 Қыркүйек, 2019
1841
Ж.Түймебаев: Президент Жолдауы – елдегі шешілуі тиіс мәселелерді дөп басқан маңызды құжат

Күн тәртібінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланып, Ассамблея мен этномәдени бірлестіктерге жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жолдары қарастырылды.

Отырысты ашқан Жансейіт Қансейітұлы Жолдауда Президент басымдық берген ел дамуы үшін маңызды мәселелер - заманауи тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, серпінді және инклюзивті экономика қалыптастыру, әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру, қуатты өңірлер қалыптастыру бойынша жүктелген нақты міндеттерді сараптады. Сондай-ақ, Жолдауға Қазақстанның өз дамуында жаңа кезеңге бет алуын сипаттайды деген баға берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев: «Жолдауда көтерілген мәселелердің барлығын: оның қаржылық қамтамасыз етілуін, саяси-әлеуметтік аспектілерін ескере отырып жасалатын Жалпыұлттық жоспар елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың мықты негізі болатынына тәжірибеде талай рет көз жеткізілді.

Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кеше жасаған Жолдауы ел өміріндегі шешілуін күтіп тұрған көп мәселелерді дөп басқан маңызды құжат болды деп айта аламыз», - деді.
Жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды платформасында көрсетілген барлық ұсыныстар мен бастамалары көрініс тапқаны қуантады.
«Біріншіден, Президент саяси жүйені эволюциялық дамытуға назар аударды. Жүйесіз либерализация ішкі саяси ахуалдың тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттілікті жоғалтуға алып келеді. Азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау сапасы туралы бұрын да талай айтылған мәселе тағы да көтерілді. Бұл біздің тиісті тұлғаларды ойландыруы керек. Жолдауда олардың санының өсуі мемлекеттік органның жұмысындағы жүйелік сипатқа ие болып отырғаны атап көрсетілді.
Ел Президенті Жолдауында елде бейбіт митингілерді еркін өткізуді қолдайтынын ашық айтты. Егер олар заң аясынан шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, оларды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажеттігі және мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиістігіне назар аудартты. Әрине, бұл ретте заңсыз әрекеттер мен бұзақылықтар жасауға тыйым салынатын болады», - деді қоғамда қызу талқыланған мәселенің Президент Жолдауында көрініс тапқанын қуаттаған Жансейіт Түймебаев.
«Ел көкейінде жүрген тағы бір мәселе – жер мәселесі туралы да Президент өз ойын ашық айтқанын естідіңіздер. Мемлекет басшысының пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюға кірісуді тапсыруы да көптен бері талқыланып жүрген мәселенің шешімін табуы деген ойдамыз. Бұл шара ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізуді көздейді», - деді Жансейіт Түймебаев.

Отырыс барысында қатысушылар Жолдаудың басқа да маңызды тұстарына тоқталып, оған қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
-
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қонаев қаласындағы Достық үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы активімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті