
03 Шілде, 2018
1353
Жаңа өмірді домбыраның үнімен қарсы алу
Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 1 шілде түнінде туған сәбилерге домбыра сыйлады.
Олар екі сүйкімді қыздар – Полина мен Сезім.
Ұлттық аспаптарды Қостанай перинаталдық орталығының бас дәрігері Татьяна Булгацевич және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық ҚХА хатшылық меңгерушісі Бибігүл Аққожина табыс етті.
«13 маусымда мемлекет Басшысының жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды», – деді Бибігүл Аққожина. – Биыл бұл күн 1 шілдеге түсті. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен осы күні туған сәбиге домбыра сыйлау акциясы жүзеге асырылды. ҚХА, қоғамдық келісім кеңесі, аналар кеңесі мен денсаулық сақтау басқармасының мүшелерімен бүгін біз екі анаға ұлттық музыкалық аспап – домбыра табыс еттік. Барлық уақытта домбыра қазақ халқынының ұрпақтан ұрпаққа ақпарат беретін аспап қызметін атқарды. Біздің қолымыздан бүгін домбыраға ие болған қыздар болашақта белгілі күйші болып, облысымызды танымал етеді деген үмітіміз бар.
Бірінші домбыра жас ана Екатерина Ивановаға табысталды, ол қызы Полинаны 1 шілденің түн ортасында Қостанай қалалық перзентханада дүниеге әкелді.
«Бұл біздің тұңғышымыз. Сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, мен өте бақыттымын. Алғашқы минуттан бастап жылағым келді, бірақ өзімді ұстай білдім. Күйеуіміз екеуміз әрқашан ұл немесе қыз болса да, ең бастысы, баланың дені сау болуын тіледік. Бірақ бірінші қыз болады дегенде, күйеуім өте бақытты болды», – деп алған әсерімен Екатерина бөлісті.
Ал екінші болып облыстық перинаталдық орталықта босанған Анастасия Биржанова. Ол үшінші баласын дүниеге әкелді.
«Біз Әулиекөл ауданында тұрамыз, Қостанайға қонаққа келгенбіз. Ал мұнда бала туу мен тағы бір мерекелік күнге тап болдық. Сыйлықтар болады деп ойлаған да жоқпыз, бұл өте қуанышты», – дейді Анастасия. – Қызымызға Сезім деп есім беруге бел будық. Аға мен апасы үйде күтіп отыр, кішкентай нәрестемен тезірек танысқылары келеді.
Домбыра сыйлау акциясы тек қана Қостанайда ғана емес, Қазақстанның барлық облыстарында өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады