28 Ақпан, 2025
174
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
Шымкент қаласындағы №2 Қалалық перинаталдық орталығында ерекше қуаныш пен жылулыққа толы бір сәт болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында қалалық ҚХА мүшелері жаңа туған сәбилерді перзентханадан салтанатты түрде шығарып, жас аналарға естелік сыйлықтарын табыстады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы әрқашан этносаралық келісім мен достықты нығайту үшін өз қызметін жалғастырып келеді. Бүгінгі шара да осы ұлы мақсатқа қосылған тағы бір қадам болып табылады.
Перинаталдық орталықта жиналған ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері әртүрлі ұлттардан болса да, бәрі бір мақсатпен – жас аналар мен жаңа туған сәбилерге қуаныш сыйлау, оларға ақ тілекпен үлкен өмірге жол ашу үшін жиналды. Іс-шара барысында Наталья Романова, Тахирбек Нишанбаев, Гаухар Төлепова, Наира Мовсисян, Елена Папуциди сияқты этномәдени бірлестіктердің жетекшілері сөз сөйлеп, жаңа туған нәрестелердің денсаулығын, жарқын болашақтарын тіледі. Денсаулық сақтау саласының өкілдері де осындай рухани қолдаудың жас аналар үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтіп, мейірбикелер де аналармен бірге қуаныштарын бөлісіп жүрді.
Сәбидің дүниеге келуі – тек бір отбасын ғана емес, бүкіл қоғамды қуанышқа бөлеу. Өйткені әр жаңа туған бала – елдің болашағы, мемлекеттің ертеңгі тірегі. Көпұлтты халқымыз үшін осындай игі бастамалар қоғамдағы ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түседі.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді