24 Тамыз, 2023
529
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА АССАМБЛЕЯ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН 100 ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
2023 жылғы 24 тамыз күні Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары А.Исмаилов, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, орталық мемлекеттік органдары мен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысты.
Акцияны ашқан ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қалалық Ассамблеяға, сондай-ақ барлық ұйымдастырушыларға қайырымдылық көмегі мен балаларға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы мұқтаж және көп балалы отбасыларға жыл сайын әлеуметтік қолдау көрсететін елдегі қайырымдылық орталығына айналды десем артық айтпағаным. Биылғы жылы да Ассамблея дәстүрлі жалпы республикалық акцияны белсенді түрде өткізіп жатыр.
Бүгін балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығына ерекше алғысымызды айтамыз. Сіздің меценаттық қызметіңіз – бұл Қазақстандағы қайырымдылықты дамытуға қосқан елеулі үлес, отандастар үшін үлгі. Балалардың өсіп-өркендеуіне барынша жағдай жасау шын мәнінде игі іс», - деген М.Әзілханов, барлық қатысушыларға зор денсаулық және толағай табыс тіледі.
«Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ бастамасымен ұйымдастырылған іс-шара аясында атап айтқанда, ҚХА Төрағасының орынбасары, кәсіпкер, меценат Акбаржон Исмаиловтың жеке өз қаражаты есебінен әлеуметтік қолдауға мұқтаж 100 балаға арнайы оқу құрал-жабдығы салынған сөмке мен мектеп формасын сатып алу үшін ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Еліміздің барлық өңірлеріндегі ҚХА өкілдері үшін «Мектепке жол» акциясы дәстүрге айналған игі іс-шара. Шараға жыл сайын ҚХА-ның барлық мүшелері мен жергілікті меценаттары белсенді қатысады.
Бүгінгі таңда ҚХА-ның қатысуымен 2 500 көпбалалы отбасыдан шыққан 4 500 жуық балаға 139 млн. теңгеден астам сомаға мектепке арналған киім-кешек пен оқу-құралдары сатып алынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01