28 Сәуір, 2020
772
Жаңа YouTube-канал - қызылордалықтардың бірлігі туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-алаңы жаңа «Сыр бірлігі» өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының жобасымен толықты. YouTube арнадағы жаңа медиалық өнімнің негізгі миссиясы – өңір тұрғындары арасында бірлік, келісім және бейбітшілік идеясын нығайту.
«Жасампаз 25 жыл» бөлімінде Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, фестивальдер, мәдени күндер, онлайн-концерттер, ұлттық тұрмыстың виртуалды көріністерінен және тағы басқа материалдар қамтылған.
«Татулық тұғыры» бөлімінде аймағымызды мекендейтін түрлі этнос өкілдерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, асханасы және олардың көрікті мейрамдары - «Масленица», «Сабантуй», «Сольналь», «Остерн», «Песах» және тағы басқалары туралы біле алздар.
Облыстық ассамблеяның танымал өкілдерінің, белгілі жерлестердің және табысты азаматтардың халық тарихы, патриотизм, жетістікке жетудің жолдары туралы баяндары «Сырлы сұхбат» айдарында көрермендерге жол тартады.
«Таным сағаты» - мәдени-танымдық бөлім. Егерде қазақ халқының философиясын танып, тілін үйренемін, Абайдың шығармашылығын оқып, репрессия мен депортация тарихынан сыр шертемін немесе бірлік пен келісім құндылықтары туралы онлайн-лекция тыңдаймын десеңіз - осы бөлімнен табасыз.
Қайырымды істер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы еріктілер орталығының жұмысымен танысып, белсенді жастардың карантин жағдайында қызылордалықтарға қолдауын көргіңіз келсе «БІіз біргеміз» бөліміне өтіңіз.
YouTube-арнасындағы «Сыр бірлігі» каналында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жасампаздыққа толы жылдарындағы ең айшықты және игілікті жұмыстары көрініс табады.
«Сыр бірлігі» - өңір тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа және татулыққа шақырады. Каналға өтіп, жазылу үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті