
15 Наурыз, 2018
985
«Жаңа жасыңмен, Ұлы далам» фестивалі
14 наурыз күні Атырауда көрісу мерекесін жаңғырту мақсатында тұңғыш рет «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форумының ашылу салтанаты өтті.
Шара Махамбет-Исатай алаңында 2018 жылдың 14-15 наурыз күндері жалғасын таппақ.
Екі күнге созылатын форумға Қырғызстан, Түркия, Ресей, Өзбекстаннан т.б. 27 елді мекеннен арнайы қонақтар шақырылған.
Форум аясындағы құттықтау сөз Атырау облысы әкімі Н.Ноғаевқа беріліп, «Барша қала қонақтары мен қала тұрғындарын бүгінгі «Көрісу» мерекесімен құттықтап, жүрек жарды ақ тілегін білдірді».
Шара барысында «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» мәз-мейрам болысты.
Форумның ашылу салтанатына Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері белсенділік танытып, әр ұлт өздерінің құндылықтары мен ұлттық тағамдарын жайып, өз алдарына әшкерленген үйшіктерін құрды.
Атап айтсақ, «Навруз» әзербайжан, «Татулык» татар-башқұрт, «Иверия» грузин, Орыс, славян, казактар бірлестігі, «Тхоньил» кәріс, «Таврос» армян, «Былина» орыс, «Светоч» славян, «Довира» украин этномәдени бірлестіктері белсене ат салысты.
Осы ретте биылғы жылы осы күннен бастап «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігіде алдағы уақытта өз одақтарын құруды жоспарлап, бұл күніде өздерінің салт –дәстүрлі тағамдарын жайып, халыққа өз қол өнерлерін паш етті.
Сондай-ақ, форумның ашылуында қалың көрерменге ұлттық құндылық – көрісу дәстүрін ұлықтайтын сахналық қойылым мен музыкалық бағдарламалар ұсынылды.
Бұдан әрі қарай форум – республикалық ақындар айтысы, Ф. Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби оқулар, Қазақ күресінен халықаралық чемпионат, Қазаақстан эстрада жұлдыздарының концерті, «Спикер #7» жастар зияткерлік конференциясы сынды бәсекеге толы шаралар өз жалғасын табатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті