27 Желтоқсан, 2015
945
«Жаңа жылдық ертегі»
2015 жыл өзгерістерге, қызықты және айтулы оқиғаларға толы жыл болды. Өтіп бара жатқан жыл әрқайсымыз үшін ерекше әсер қалдырды. Уайым-қайғыны, қиындықтар мен түсінбестіктерді соңымызда қалдырып, жаңа жылға біз адал ниетімізбен, ізгі де бауырмал жүрекпен, жақсы көңіл-күймен және сүйіспеншілікпен енеміз.

Біздің 2016 жылға деген жаңа мақсатымыз, ұзаққа созылатын жоспарларымыз бар. 2016 жыл - бұл Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Сондай-ақ, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы сияқты айтулы күндерімен біздің есімізде қалатын болады. Бұл мерейтойларды мерекелеуге Қазақстан Республикасының барлық азаматы, соның ішінде 2016 жылы 80 жыл толатын біздің облысымыз да қатысады.
Жаңа 2016-шы жылды қарсы алу құрметіне, 27 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының акт залында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
Ертеңгіліктің мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың белсенділіктерін арттыру, актерлік шеберліктерін дамыту болып табылады. Сондай-ақ балаларды жаңа жыл мерекесін өткізу дәстүрімен таныстыру көзделді.
Ұйымдастырушы - облыстық «Видергебурт» «Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдениет орталығы». Бағдарлама өте ауқымды болды. Балалар өздері үшін ұйымдастырылған қызықты байқауларға, ойындар мен сайыстарға қызыға қатысып, сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерімен бірге ойын ойнап, ән салды. Сондай-ақ, бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өтетін жаңа жылдық ертегі көрінісіне атсалысты.
Мерекелік ертеңгілік соңында «Видергебурт» неміс мәдениет орталығының төрағасы Э.Р. Ковзель қатысушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс, денсаулық, бақыт және жаңа жылда жаңа жеңістерге жетулерін тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Петропавл: Достық үйінде Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Атырауда кәріс халқының Жаңа жылдық мерекесі аталып өтті
-
Қызылордада 800 бала Аяз атаның Жаңа жылдық сыйлықтарына ие болды
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады