
31 Желтоқсан, 2023
655
Жаңа жылмен құттықтау!
Құрметті отандастар!
Құрметті Қазақстан халқы Ассамблеясының
бір әулеттің баласындай мүшелері!
Сіздерді әр отбасы жыл сайын қуана күтетін таңғажайып мереке – алдағы Жаңа жылмен құттықтаймын!
Жаңа жыл – айрықша мейрам. Бәріміз үкілеген үміттеріміз бен асқақ армандардың орындалуын, жаңа бастамалар мен жетістіктердің қуанышын жаңа жылдан күтеміз.
Өткен жыл Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы маңызды кезең болды, Ұлы Дала тарихы жаңа қырымен жарқырады.
Біздің ортақ міндетіміз – еліміздегі жаңғырту үдерістеріне белсенді қатысуды жалғастыру. Шынайы қазақстандық құндылықтар – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қастерлеудің үлгісін көрсету. Олар әрқашан біздің ортақ жетістіктеріміз бен табысымыздың кепілі болды және алдағы уақытта да солай жалғасады.
Жаңа 2024 жыл қандай болатыны біздің әрқайсымызға байланысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің дамуына қосқан үлестеріңізді жоғары бағалайды.
Біздің әділетті және саналы қоғам құруға бағытталған күш-жігеріміздің құны өлшеусіз. Біз ынтымақ пен бірлік, құрмет пен жауапкершілік принциптеріне негізделген кемел болашақты бірге құрудамыз.
Жаңа жылда біздің алдымызда көптеген сын-қатерлермен қатар үздіксіз өсу мен өркендеп даму үшін мол әлеует тұр. Биылғы жыл сынақтарды – жаңа мүмкіндіктерге, ал қиындықтарды шабыт көзіне айналдыра алатын кезең болсын.
Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас күш-қуат және игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
Жаңа жылда әр шаңыраққа құт-береке, ырыс дарысын, ал отбасының жылуы айналаға шуақ болып шашылсын!
Жаңа жыл құтты жыл болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылығының меңгерушісі
М.А.Әзілханов
#ank #қха #жаңажыл
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 23:51
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті
23 Қыркүйек, 23:54
Шығыс Қазақстан облысы: этноауыл
25 Қыркүйек, 12:28
«Жеңіс - бірлікте» ҚХА спорттық платформасы аясында пауэрлифтингтен «Алтын Батыр 5» Әлем чемпионаты өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті