Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2017

1682

«ЖАһАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОД ПЕН БІРЕГЕЙЛІК» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

2017 жылғы 28 қыркүйек күні Назарбаев университетінде «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық код пен бірегейлік» Қазақстан халқы Ассамблеясының Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесі болып өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

ҚХА Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысын  Дархан Мыңбай ашып, Қазақстан - Орталық Азия ұлан-ғайыр өлкесінің түрлі халықтар мен мәдениеттер үйлесімді тіршілік ететін бөлігі екенін атап көрсетті. 

Одан кейінгі сөзінде ҚХА Төрағасының орынбасары іске асырылып жатқан, ұлттық бірлік пен толеранттылықты нығайтуда маңызы зор халықаралық жобаларды санамалай тұрып,   Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесін – мәні терең үшінші халықаралық жоба деп, ал бүгінгі отырысты өңірде  келісім мен өзара түсіністікті одан әрі нығайтуға бағытталған іс-шаралардың бірі ретінде атап көрсетті.    

Бұдан кейін өзге мемлекеттерден келген өкілдер бүгінгі күн тәртібіне қойылған өзекті тақырыптар бойынша ой қозғады.

Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті Философия және гуманитарлық ғылымдардың әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор М.А. Можейко «Мәдени бірегейлік жаһандану дәуіріндегі мемлекеттің эволюциялық ресурсы ретінде» тақырыбында сөйлесе, Өзбекстан Ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Д.И. Файзиходжаева «Диалог: келісім немесе шиеленіс?» деген тақырыптың аясында өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, Ресей-Тәжікстан универитетінің профессоры, Тәжікстан Архитектура және құрылыс академиясының корреспондент-мүшесі, Геосаяси зерттеулер орталығының директоры Г. Майтдинова «Тәжікстанда қоғамдық сананы жаңғырту үдерісінде дәстүрлі мұраны қолдану тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасында Тәжікстан мемлекетінің идеология тұрғысындағы бірқатар тәжірибелерімен бөлісті.

Жалпы отырыстан кейін «Заманауи мәдениет тұлғаны қалыптастырудың жаңа кеңістігі ретінде» және «Ұлттық код: жаһанданған әлемнің сын-қатерлері» деген тақырыпта 2 пікірталас панелі өткізілді.  Оларға қатысушылар Орталықазиялық өркениет қауымдастығындағы әлеуметтік-мәдени бірегейлік проблемаларынан бастап,  Орталық Азия халықтарының жазба мұраларындағы Қазақстанның қасиетті географииясына, қоғамдық сананы жаңғырту негізіндегі мәдениаралық диалогқа дейінгі тақырыптар талқыға түсті, сондай-ақ    Орталық Азиядағы ИГИЛ ықпалына шынайы шолу жасалып, ықтимал бағалау ұсынылды.  

Іс-шараның мақсаты қоғамдық сананы жаңғырту процесінде мәдени мұраны пайдаланудың халықаралық тәжірибесіне талдау жасау және жинақтау; қазақстандықтардың ұлттық кодының негізгі құрауыштарын анықтау; заманауи мемлекеттің орнықтылығын сақтаудағы азаматтық бірегейліктің рөлін бағалау; кросс-мәдени диалогты дамытудың негізгі трендтерін зерделеу; жаһандық әлем жағдайындағы заманауи қазақстандық мәдениеттің басқа елдер мәдениетімен өзара қатынасының мүмкіндіктерін бағалау болды.

Кеңес отырысын ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңірінде этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының қатысуымен ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі.

     

    

     

Дата события ассамблеи: 30.09.2017

Кейін қарай