
11 Сәуір, 2018
1067
«Жаңғыру жолы» қозғалысы аясында студенттердің «Жарасым» клубы ашылды
Бүгін түс ауа, сағат 15.30-да Қазақ гуманитарлық заң университетінде ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы көшбасшыларының студенттермен кездесуі өтті. Естеріңізде болса, осы наурыз айының ішінде Астана қаласында Қазақстан халқы ассамблеясының шеңбеорінде қызмет атқаратын жастардың республикалық «Жаңғыру жолы» атты қозғалысы құрылған болатын. Қазіргі таңда бұл жастар қозғалысы ел көлемінде таралып, облыстарда, аймақтарда бөлімшелер ашып, жұмысын жандандырып отыр. Бүгінгі өткен шараны да сол қозғалыс жұмыстарының жалғасы деп түсінуге болады.
Іс-шараға Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры Т.М. Нәрікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер жастар ұйымдарының, БАҚ өкілдері мен студенттер қатысса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Шиповских, «Клуб добряков» еріктілер клубының негізін қалаушы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Г. Абдрашева, «Қазақстан» РТРК журналисі И. Тен, «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш. Пулатов өзекті ойларымен бөлісіп, қажетті баяндамалар жасады.
Іс-шара негізінен екі бөлімнен тұрды: алғашқы студенттермен еркін форматтағы кездесуде Қазақ гуманитарлық заң университетінің қабырғасынан «Жарасым» атты жаңа клуб құрылғаны болса, екінші бөлімде Мәжіліс спикерлері мен қоғам белсенділері, ұлттық бірлестіктер жетекшілерінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді талқылаған баяндамалар тыңдалды.
Өз сөзінде Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Елбасының қоғамда резонанс тудырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен жақында шыққан «Бес әлеуметтік бастама» үндеуін әр тарауы бойынша түсіндіру жасап шықты. Спикердің айтуынша, президент бастамасының жастар өмірі үшін маңызы өте зор. Оптимистік рухта алдағы күнге үлкен үмітпен қарауға шақырады дейді. Себебі, жатақхана мәселесін түбегейлі шешкен қоғамда ғана сапалы білім алуға мүмкіндік тумақ. Елімізде студент жастар үшін алдағы жылдары 75 мың орындық жатақхана салынады. Соылайша депутат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының негізгі бағыттарын талқылай келе, жастарды отандық кино туындыларды қарауға, ондағы тарихи тұлғалар өмірін үлгі етуге үндеді.
Шара барысында сөз алған Гүлмира Әбдірашева «Клуб добряков» еріктілер клубының бұған дейінгі жұмыстарымен таныстырып шықса, медиатор қызметін ұсынушы «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ширзад Пулатов сотқа дейінгі процестерді шешуде медацияның қызметі мен орны жайлы кеңірек түсінік берді. Құқықтары бұзылған, жәбірленуші азаматтар мен жәбірлеуші тараптың медиация туралы орнықты ұғымдары болмайынша, сот жүйесіне ұрынған процестердің кемшіліктері мен медиаторлар қызметінің артықшылықтары жайлы қажетті пікірлерін ортаға салды.
Дата события ассамблеи: 11.04.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті