19 Қазан, 2021
430
Жалағаш ауданында ауыл әйелдерінің слеті өтті
Қызылорда облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен Жалағаш ауданы Таң ауылында ауыл әйелдерінің дәстүрлі облыстық слеті өтті.
Іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Мира Қазбекова, әйелдер қозғалысының көшбасшылары мен түрлі салаларда табысты жұмыс істейтін әйелдер қатысты.
Іс-шараға қатысушылар ауылдық округтің өмірімен, жеке кәсіпорындардың қызметімен, олар өндіретін өнімдермен танысып, халықтық қолөнер бұйымдарының көрмесімен тамашалады.
Слеттің модераторы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова болды. Слетта Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Есенбек құттықтау сөз сөйледі. Әйелдер ұйымдарының басшылары Райкүл Байназарова, Рахима Ахметова, Нұрсәуле Мұсаева және басқа да спикерлер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы әйелдердің рөлі, ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы, әйел-ананың рөлі және т. б. туралы айтты.
Атап айтқанда, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова өз сөзінде отбасылық құндылықтарды сақтау, қыздарды тәрбиелеу, отбасындағы әкенің рөлі, ажырасу мәселелері және отбасылық саясаттың басқа да өзекті мәселелерін қозғады. Бірқатар кәсіпкер әйелдер ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Слет жұмысының жалғасы ретінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті