15 Желтоқсан, 2020
1097
Жалағашта мерекелік шара ұйымдастырылды
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылының №114 орта мектебінде «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты мерекелік іс-шара өтті.
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен №114 орта мектеп бірлесіп, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының қатысуымен ұйымдастырды.
Мерекелік шара бірнеше бөлімнен құрылған. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай балалар қолөнерінің көрмесі мен кітап көрмесі қойылды.
Балалар өз өнерлерін ортаға салып, әсем ән орындап, мың бұрала би биледі.
Айта кетейік, Қаракеткен ауылы шағын, онда бар болғаны 1500-ге жуық тұрғын тұрады. Мұнда түрлі этнос өкілдері (орыстар, кәрістер, татарлар және т.б.) тұрады, олардың барлығы қазақ тілін жетік біледі. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін меңгерген, тату- тәтті ғұмыр кешіп келеді.
Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі, «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қорының төрайымы Рахима Ахметова және облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева қатысып, ауыл тұрғындарын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32