Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қыркүйек, 2018

1806

Жалпыұлттық диктанттың қорытындысы

2018 жылғы 20 қыркүйек күні еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған адам бір мезгілде «Астана – бейбітшілік бесігі» деген тақырыпта қазақ тілінде жалпыұлттық диктант жазуға қатысты.  

2018 жылғы 20 қыркүйек күні еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған адам бір мезгілде «Астана – бейбітшілік бесігі» деген тақырыпта қазақ тілінде жалпыұлттық диктант жазуға қатысты.  

Диктант жазу – Қазақстан халқы Ассамблеясының бірнеше жыл бойы жүргізіп келе жатқан дәстүрлі жобаларының бірі. Бастапқыда оны іске асыру Қазақ ұлттық кітапханасымен бірлесіп  қолға алынған болатын. Оған еліміздің барлық кітапханаларының оқырмандарымен қатар, ынталы адамдардың бәрі қатысты.

Биыл жалпыұлттық диктантты Ассамблея М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетімен бірлесіп өткізді. Мақсат біреу – мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтаны арттыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту. Бұл істердің бәрінде Қазақстан халқын біріктіруші фактор – қазақ тілі екені сөзсіз. Сондықтан да диктантты мемлекеттік тілге деген қызығушылықтың көрсеткіші де деуге болады.

 Жалпыұлттық диктант – әр азаматқа өзінің білімі мен сауаттылық  деңгейін тексеруге  берілген мүмкіндік. Диктант жазуға келгендер  өздерін үлкен сынақтан өтердей дайындалғандарын айтып жатты. Диктант мәтінін оқыған жазушы Камал Әлпейісова: «Халықтың, әсіресе жастардың білімге құштарлығы бәсекеге қабілетті ел болудың бір шарты болып отырған заманда мұндай сынақтарды өткізудің пайдасы зор» деп атап көрсетті. 

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік  органдардың, ұлттық компаниялар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, магистранттар мен студенттер, мектеп оқушылары, зейнеткерлер, БАҚ өкілдері қатысты. 

Диктанттың маңызды ерекшеліктерінің бірі – оған этномәдени бірлестіктер өкілдерінің белсенді түрде қатысуы болды. Олар көбінің еркін сөйлейтін ана тіліне айналған қазақ тілінде сауатты жазып үйренуді мақсат ететінін атап көрсетті.    

Қазірі белгілі болғанындай, жалпыұлттық диктантқа ел бойынша 395549 қазақстандық қатысыпты. Олардың ішінде 120 мыңнан астамы  диктантты «өте жақсы» деген бағаға жазып шықты.

Диктант жазуға қатысқандардың 82%-дан астамы (395549 адам) мектеп оқушылары, 10%-дан астамы (42 929) – студенттер. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметтегілер саны 9994 адам (2,52%), этномәдени бірлестіктердің өкілдері – 6 664 адам (1,68%) болды. Іс-шараның соңында қатысушылар келесі жолы диктантты латын графикасымен жазу туралы ұсыныс жасады. 

Дата события ассамблеи: 25.09.2018

Кейін қарай