
24 Тамыз, 2016
921
Жалынды лезгинка ырғағымен…
20 тамызда Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының залында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған, сондай-ақ достық пен бірлік құндылықтарын насихаттайтын «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы аясында Кавказ мәдениетінің екінші республикалық фестивалі болып өтті.
- Фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. «Бирлик» әзербайжан қауымының ықыласы бойынша ол 2012 жылы бастау алды. Үш жыл бойы фестиваль өңірлік деңгейде өткізіліп келді, былтырдан бастап республикалық мәртебеге ие болды. Осы уақыт ішінде Қостанайға кавказ қауымының өкілдері Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Павлодар қалаларынан келіп кетті, сондай-ақ Ресейдің Челябі және Тюмень қалаларынан келушілер болды. Биыл осы іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ тапсырысы бойынша «Бiрлiк» әзербайжан қауымы іске асыруда, - деді облыстық ҚХА хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова.
Іс-шара басталардың алдында филармонияның залында сәнді-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды, онда тек тұрмыстық заттар ғана емес, сондай-ақ ұлттық киім, музыкалық аспаптар, суреттер, фотолар орналастырылды. Фестиваль өткен ғасырдың 30-шы жылдары Кавказ халқының Қазақстанға жер аударылуы туралы шағын фильммен басталды. Фильмде қазақ халқына: «Ұшы-қиырсыз селеулі даласы секілді қазақтардың шексіз адамгершілігі сол қаралы жылдары көптеген кавказ этностарының аман қалуына және ұрпақтарының сақталуына себепші болды. Қоныс аударушылар үшін Қазақстан баспана, тамақ берген және мұздаған жүректерін жылытқан екінші отанына айналды», деген алғыс сөздер айтылды
Биыл Қостанайға өздерін көрсету үшін: Астана қаласынан «Халкъан Барт» шешен-инғұш қауымы мен «Вайнах» шешен-инғұш қауымының ансамблі, «Асса» лезгинка мектебі және Павлодар қаласынан «Кабардин-балкар ұлттық-мәдениет орталығы мен «Эльбрус» Қарашай-черкес ұлттық мәдени орталығының төрт шығармашылық ұжымы келді. Сондай-ақ жергілікті «Эребуни» армян ЭМБ, «Бiрлiк» әзербайжан ЭМБ және «Ахыска» түрік ЭМБ әртістері өз өнерлерін көрсетті.
Әр ұжым қостанайлық көрерменді таңқалдырып, ду қол шапалақтарға ие болды. Қатысушылардың жалпы саны 100 адамнан артық болды, олар екі сағат бойы көрермендерге әсерлі би мен Кавказ туралы лирикалы өлеңдер сыйлады. Фестивальдің барлық өкілдік тобы дипломдармен, естелік мүсіншемен, тәтті шоколад жиынтықтарымен марапатталды.
- Біз Қостанайға келгенімізге қуаныштымыз және келесі жылы қандай нөмір әкелетінімізді қазірден жоспарлап отырмыз. Қостанайлықтарды біз ұнатып қалдық, сондай-ақ бұл фестиваль Кавказ этносының мәдениетін насихаттау үшін тамаша алаң, - деп атап көрсетті «Вайнах» ансамблінің басшысы Ханифа Мациева.
«Қостанай облысы әкімдігінің
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті