01 Тамыз, 2020
900
Жамбыл: Акцияның алғашқы күні 50 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді
Мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбір жанның аман-саулығын бақылайтын ол әрине, ақ халатты абзал жандар. Республика көлемінде мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы медицина қызметкерлерін құттықтауға арналған «Мың алғыс» акциясын бастады.
Өз кезегінде Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен белсенділері Құрбан айттың бірінші күнінде адам жанына араша болған жандардың отбасыларына қолдау білдірді.
Облыстың ақ халатты абзал жандары биыл жүздеген адамның өміріне араша түсті. Акция медицина саласында еңбек етіп жатқан әлеуметтік осал топтағы отбасыларға азық-түлік себеттерімен жәрдем көрсету болып табылады. Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон, күріш, күнбағыс майы, ұн секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған.
Сауапты істе атсалысқан этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының еріктілері мен мекеме қызметкерлері акцияның алғашқы күнінде-ақ, 400 000 теңге қаражат жинап әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді. Өз кезектерінде олар да алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Айта кету керек, аталған акция 3 күнге созылады. Сонымен қатар, акция қасиетті құрбан айт мерекесінде халықты қайырымдылыққа шақыруға, төтенше жағдай кезіндегі көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05