30 Маусым, 2020
3201
Жамбыл: БАҚ қызметкерлері арасында «Бір шаңырақ астында» байқауы өтті
Тараз қаласының Достық үйінде БАҚ қызметкерлерінің төл мерекесіне орай, «Бір шаңырақ астында» облыстық байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.
Журналистерге арналған байқаудың негізгі мақсаты - этносаралық татулықты насихаттауда мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнына тоқталу, ауызбіршілікті дәріптеу, сонымен қатар ұлттың болмысын аңғартатын дәстүрлердің озық үлгісін көрсету.
Сайысқа облыстық, аудандық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері және штаттан тыс тілшілер, жалпы саны 22 үміткердің жұмыстары қабылданды. Байқауға қатысқан журналистер түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы мызғымас бейбітшілікті насихаттаудағы еңбектерімен сынға түсті. Байқау комиссиясы қарауына ұсынылған материалдар ереже талаптарына сәйкес іріктеліп, үміткерлердің жұмыс істеу тәжірибесі, материалдың маңыздылығы, мазмұндылығы, оны ұсыну тәсілі назарға алынды.
Байқау барысында «Ұлы шаңырақ» газетінің бас редакторы Саятхан Сатылған, облыстық «Магнолия» газетінің тілшісі Михаил Бунин және «Zhambyl news» ақпараттық агенттігінің директоры Гүлбаршын Құланбаева қатысушылардың еңбектеріне тоқталып, әділ төрелік етті.
Дәстүрге айналып үлгерген байқаудың жүлде қоры да қомақты. Бұл жолы байқаудың бас жүлдесі Қордай аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің тілшісі Ләйлім Досымбековаға бұйырды. Жүлделі екінші орынды облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Көкен Оршабеков қанжығасына байласа, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің жас журналисі Арайлым Шабденова үшінші орын жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ, 16 журналист алғыс хаттарымен, арнайы және ынталандыру ақшалай сыйлықтарына ие болды.
Марапаттау рәсімінің шымылдығын «Шиват Цион» этномәдени бірлестігінің мүшесі, белгілі журналист Михаил Бунин ашты. Жүлдегерлерді облыстық ассамблея хатшылығының бас маманы Ұлтуар Қуанышбайқызы құттықтап, журналистер қауымына ізгі тілегін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті