25 Мамыр, 2020
733
Жамбыл: Айт мерекесіне орай ҚХА жастары акция өткізді
Рамазан айында ҚХА Жамбыл облыстық Аналар кеңесі және Тараз қалалық Өзбек этномәдени орталығының жастар қанатының бастауымен, сондай-ақ, қаламыздағы барлық этностардың жас кәсіпкерлерінің қолдауымен тағы бір қайырымдылық іс жасалды. Жақсылықтың жаршылары аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты аналарға гуманитарлық көмек көрсетті.
Барша мұсылмандардың ұлық мерекесіне орай акцияға «Айт дастарханы» атауы берілген. Аты айтып тұрғандай айт дастарханына қажетті азық-түлікке толтырылған себеттер 20 жанұяға үлестірілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жалғызбасты аналар ассамблея жастарының игілікті іс-шарасының арқасында айт-дастархандарын тәтті-дәмдіге толтырып, балаларын қуантып, үй-іштерін мерекеге, шаттыққа бөледі.
Cол сияқты қасиетті Рамазан айының соңғы күндері Тараз қаласындағы әлеуметтік осал отбасыларға «Жаңғыру жастары» еріктілері біршама қуаныш сыйлады. Жалғасын тапқан «Біз біргеміз!» акциясы аясында олар 30 отбасыны тағы да азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Адам өмірін жақсылықпен нұрландыру игі іске бастамашы болған белсенді жастардың басты мақсаты. Тараз қалалық өзбек эномәдени бірлестігі Жастар қанатының төрайымы Лэйла Худиева:
- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе!» деген сөз бекер айтылмаған. Ассамблеяның жастары барлығы дерлік жақсылық жасауға ұмтылып тұрады. Тіпті мұқтаж жандарды өздері іздеп тауып жатыр. Бар тілегім әлемде ізгіліктің ізі жойылмаса екен!-деп өз тілегін білдірді. Қайырымды жандар акцияның алдағы уақытта жалғасын табарын жеткізді.
Ізгіліктің ізін басып келе жатқан жастардың жақсы ниеттері өскелең ұрпаққа зор үлгі!
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32