17 Сәуір, 2019
1850
Жамбыл облыстық Аналар кеңесі «ерекше» балаларға арнап қайырымдылық шарасын өткізді
Қазіргі таңда республика бойынша девианттық мінез-құлықтары бар балаларға арналған оннан астам арнайы мектеп бар. Солардың бірі Тараз қаласында орналасқан.
Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы Аналар кеңесінің мүшелері «Тараз қалалық арнайы білім беру жағдайына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектеп-интернаттың» тәрбиеленушілеріміен кездесті.
Аналар кеңесі мектептің оқушыларын қажетті керек-жарақтарымен қамтамасыз етіп, балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту және өз шығармашылық қабілеттерін таныту мақсатында түрлі тақырыптағы кітаптар, сурет салуға арналған бояулар, қылқалам және альбомдар, ойыншықтарды сыйға тартты.
Кездесу барысында арнайы мектептің тәрбиеленушілері қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды. Домбырашылар тобы халық композиторы Құрманғазының «Ерке сылқым» күйін орындаса, қыздар тобы «Қазақтың жері», «Анашым – асыл әнім» атты әндерін және өздері шығарған өлеңдерін жұртшылық назарына ұсынды.
Аталмыш шара «Қайырымдылық керуені» ұлттық компаниясының «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылып өткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті