Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Тамыз, 2015

1085

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми- сараптама тобының «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет - 100 нақты қадам» Ұлт жоспары тақырыбына арналған көшпелі отырысы

2015 жылдың 3 тамызында Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми- сараптама тобының «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет - 100 нақты қадам» Ұлт жоспары» деген тақырыпта  кеңейтілген көшпелі отырыстары өтті.

2015 жылдың 3 тамызында Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми- сараптама тобының «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет - 100 нақты қадам» Ұлт жоспары» деген тақырыпта  кеңейтілген көшпелі отырыстары өтті.              

Кеңейтілген отырыс жұмысына ауданның этномәдени орталықтарының басшылары мен белсенді өкілдері, жастар орталықтары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ҒСТ төрағасының орынбасары, «Жастар стратегиялық зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мамедова Парида Иманжанқызы өз сөзінде жиналған халыққа ҚХА - ның алға қойған жоспарларымен қоса, «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет - 100 нақты қадам»  Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» 4-ші институтционалдық реформасын жүзеге асыруға және талқылауға байланысты ойын айтып өтті.

Одан кейін сөз алған Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптама бөлімінің жетекші сарапшысы Тапаева Альбина Маратқызы өз баяндамасында 100 нақты қадам туралы және оны қалай іске асыру жайлы, оның ішінде 87-ші қадам “Үлкен ел – үлкен отбасы’’ кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру туралы айтты. Сондай-ақ «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру мәселесіне тоқталды.

Отырыс соңында жиналған қауым мәдени тынығу орындары ашылса, ауыл балаларын Тараздың тарихи жерлерін аралату туралы, жастарға жер беру мәселесі бойынша, жас қыздар мен жігіттердің тәрбиеснеі байланысты, жас отбасылардың мәселелерімен айналысатын орталықтар ашылса деген ұсыныстар айтылды.

Сонымен бірге П.Мамедова жиналған жастардың фокус-группасына ЮНЕСЕФ технологиясының таныстырылымын өткізді. Жастар бұл технология бойынша өткізілген іс-шараны жоғары бағалады.

Жалпы іс-шараға 80-нен аса адам қатысты.

  

Кейін қарай