
02 Наурыз, 2022
3331
Жамбыл облыстық ЭМБ өкілдері Алғыс айту күнін атап өтті
Тараз қаласында ҚХА мүшелері, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Алғыс айту күнін мерекелеуге белсенді қатысты. Мерекелік іс-шаралар ZOOM платформасында онлайн-форматта өткен «Ұрпақтар ұмытпайды» синхрон-бейне дәрісіне қатысудан басталды.
Аталған әлеуметтік-гуманитарлық жобаны «Шаңырақ «ҚХА кафедраларының қауымдастығы» РҚБ іске асырып келеді. Қатысушылар арасында этномәдени және ғылыми-сараптамалық қауымдастық, Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» РМД өкілдері бар. Дәрістен кейін «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қатысушылар қатарында ҚХА мүшелері, депутаттар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, қала тұрғындары мен қонақтары бар. Қатысушылар алдында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөз сөйледі. Өңір басшысы баршаны мерекемен құттықтай келе, қазақ елі үшін бірлік пен ынтымақтан артық байлық пен бақыт жоқ екеніне аса назар аударды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы «Днипро» украин мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко, Жамбыл облысы «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин, Жамбыл облысы «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Ибрагим Зуфаровтар қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. «Қоғамдық келісім» КММ-де өткен Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиналыста Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев былай деп айрықша атап өтті:
- Ата-бабаларымыз қандай қиын кезеңдерді басынан өткергенін тарихтан жақсы білеміз. Біз аға ұрпақ іргесін қалаған достықты, бірлікті жалғастыруға тиіспіз. Бұл - полиэтносты, поликонфессиялы Қазақстанның ең басты байлығы. Наурыздың бірінші күні Алғыс айту күні деп жарияланғаны бекер емес. Адам қаншалықты риза болса, соғұрлым жақсы ниетте жүреді. Біз сіздерді осы күні арнайы жинап, сіздерге көп рахмет айта отырып, барлықтарыңызға - денсаулық, амандық, елімізге - тұрақтылық, бейбітшілік тілейміз. Сонымен бірге, өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолынан салтанатты түрде белгілі қоғам қайраткерлері, спортшылар, түрлі мамандық иелері алғысхаттар алды.
Қала тұрғындары бұдан кейін «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» іс-шарасына қатысты. Көрермендер М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері «Дулати жастары» халықтық шығармашылық тобы жастар театрының қатысуымен театрландырылған қойылымды тамашалады. Мереке қонақтары түрлі этностардың ұлттық киімдері мен мәдениеті, салт-дәстүрімен танысты. Көрермендер назарына көрме ұйымдастырылып, халық шығармашылығы шеберлерінің, ұлттық киімдердің экспозициялары ұсынылды. Спорттық жарыстарды ұнататындар үшін тоғызқұмалақ, асық ойнауға, сондай-ақ армрестлинг пен арқан тарту, білекпен күш сынасуда өз күштерін сынап көруге мүмкіндік болды.
Мереке соңы этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының орындауында вокалдық және хореографиялық нөмірлермен және Жамбыл облыстық филармониясы, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының қатысуымен өткен мерекелік, көңілді концертпен аякталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті