11 Желтоқсан, 2020
813
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ҚХА кеңесінің отырысы өтті
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жамбыл облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес алдымен этносаралық саладағы ахуал және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов есеп берді. Ол республикалық әдістемелік ұсыныстарды ескере отырып, этносаралық қатынастарды дамытудың алдағы жылға арналған ведомствоаралық жоспары жасалғанын тілге тиек етті.
- Тиімді және нәтижелі жұмыс істеу үшін қоғамдық құрылымдардың қызметі қайта қаралды. «Қоғамдық келісімге» қарасты кеңестер мен клубтар саны 11-ден 7-ге қысқартылды. Сонымен қатар республикалық деңгейде аналар және медиация кеңестерімен бірлескен іс- шаралардың мониторингі құрылды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың түйткілді мәселелерін шешу мақсатында өңірлік «Аналар» сайты ашылды. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сенім телефоны орнатылған медиация кабинеті мен қоғамдық қабылдау жұмыс істейді және тұрғындарға практикалық, медиациялық көмек көрсету үшін облыстағы 40 медиация учаскелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Облыстағы барлық этнос өкілдері арасындағы татулық пен бірлікке негізделген «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы іске асырылды, - деді Дауыл Ынтықбайұлы.
Жиында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттығына Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан кандидат ретінде Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов ұсынылды.
Жиынды қорытындылаған облыс басшысы Бердібек Сапарбаев мемлекет дамуы мен өсіп-өркендеуінің темірқазығына айналған этносаралық татулықпен өзара келісімді сақтау және оны бағалай білу барша халқымыздың ортақ парызы екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32