
18 Қаңтар, 2017
969
«Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жылдық есебі талқыланды
Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ жаңа ғимаратында «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 2016 жылдың жылдық есебін талқылау жиыны өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы «Немістер Ассоцияциясының» өкілдері, «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, әр ауданнан келген неміс қоғамының өкілдері және неміс жастар клубының мүшелері қатысты.
Жиын барысында Жамбыл облысы бойынша неміс тілі курсы, жоба менеджерінің жұмысы, қоғамдық жұмыстар, ревизиялық тексеріс жұмыстары, сонымен қатар әр ауданның 2016 жыл бойынша жүргізілген жұмыстары талқыланды.
«2016 жыл біз үшін табысты жыл болды. Көптеген іс-шараларды жоғары деңгейде өткіздік. Жыл бойына тек мерекелік іс-шараларды өткізіп қана қоймай, сонымен қатар өзге де қоғамдық жұмыстар атқарылды. Олардың барлығы мақтауға лайықты жұмыстар. Алдағы 2017 жыл - жауапкершілікке толы жыл. Бұл жылды да осындай үлкен абыроймен өткіземіз деген сенімдемін», - деді өз сөзінде «Неміс» этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Гибнер.
Жиын соңында 2016 жылдың белсенділері және 20 жылдық тәжірибесі бар неміс тілінің үздік мұғалімдері алғыс хаттармен салтанатты түрде марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады