
13 Қыркүйек, 2021
2649
Жамбыл облысында «Ақ орамал» акциясы аясында бірқатар іс-шара өткізілді
«Ақ орамал» акциясы аясында «Біз соғыссыз әлемді қолдаймыз!» деген тақырыппен Жамбыл облысына қарасты Жамбыл, Қордай, Шу, Талас, Мойынқұм, Жуалы аудандарында және олардың ауылдық округтерінде іс-шара өтті.
Жас жұбайларға, жастарға үлгілі тәлім-тәрбие беру мен келер ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында жарияланған акция аудандарда жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, акция аясында перзентханада жатқан аналарға ақ орамал тағылды.

Қордай ауданында жалпыадамзаттық құндылықтарды, ортақ тарихи сананы нығайтуға және Қазақстандағы барлық этностардың тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылса, Жамбыл ауданында «Ақ орамал» акциясына арқау болған «Жер – бейбітшілік планетасы», «ядролық, химиялық, биологиялық немесе кез-келген басқа да қарусыз әлем үшін», «біз лаңкестікке қарсымыз», «адамзаттың санасында соғыс жойылсын», «соғыстар мен қақтығыстар вирусы жойылсын!», «болашақ ұрпақтың жүрегінде тек ізгілік болсын!» тәрізді тақырыптардың рухани және терең философиялық мәні түсіндірілді.
Сондай-ақ, Шу ауданында жалпықазақстандық бірегейлікті нығайтудың маңыздылығы айтылса, Талас ауданында соғыс батырларына, қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккендерге, лаңкестік құрбандарына қойылған ескерткіштерге тағзым ету дәріптелді.
Бұған қоса, Жуалы, Мойынқұм аудандарында отбасылық мерекелер (некені тіркеу, отбасылық алтын және күміс тойлар, сәбиді перзентханадан шығару және т.б.) кезінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғыда елімізге танымал беткеұстар аналары, Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметова, қазақ тілінің жанашыры Асылы Османқызы, облыс ақыны Үміт Битенова, сондай-ақ, Аналар кеңесінің белсенді мүшелерінің ізгі істері паш етіліп, жалпыұлттық дүниетанымдық құндылықтар мен жалпықазақстандық бірегейлікті нығайтудың маңыздылығы да сөз болды.

Облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова:
- Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ,- деп кеңес басшысы өз ойын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды