01 Наурыз, 2021
785
Жамбыл облысында «Игі істер марафоны» басталды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысының бірқатар аудандарында жаңа жоба «Қайырымдылық марафоны» бастау алды. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы және «Коғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай Қордай ауданының Күнбатыс, Бұлар батыр, Сортөбе ауылдарында қайырымдылық іс-шаралары өтті.
Оған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сержан Қуанышев, жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары және ҚХА еріктілері, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.
Қордай ауданының Бұлар батыр және Күнбатыс ауылдарында дүнген қауымдастығы өкілдері бастамасымен жиналған қаражатқа екі отбасыға үй кілті табыс етілді.
– «Асар» жобасына ұйытқы болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа, аудан әкімі Рүстем Дәулетке және біздерге қолдау көрсетіп жүрген ауыл әкімі Рамазан Малиевке, ең бастысы осынау игі іске мұрындық болған дүнген ағайындарға рақметімді айтамын, – дейді үйлі болған алты баланың анасы Айман Арынова.
Мұнымен қоса, дүнген еріктілері аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себетін тарту етті.
Қайырымды істі Жамбыл облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері жалғады. Олар Тараз қаласындағы әлеуеті төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп, азық-түлік себеттерін үлестірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Жамбыл облысы
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті