Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Тамыз, 2015

917

Жамбыл облысында «Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасын іске асыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы №35-18.17-13 хатына сәйкес түрлі этностық топтардың мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеру, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын бойына сіңіру мақсатында «Мың бала» республикалық мәдени–ағартушылық жобасының тұжырымдамасының негізінде іс-шаралар жоспары жасалды.

Жоспарға сәйкес мектепке дейінгі білім мекемелерінде тілдерді жеделдете оқытудың «Тілдарын» әдістемесі бойынша «Сиқырлы қалам» инновациялық әдістемелік кешені арқылы түрлі этностық топтардың балаларын мемлекеттік тілге үйрету, 2015 жылдың атаулы күндеріне арналған қазақ тілінде оқушылар мен колледж білімгерлері арасында шығармашылық жобалар байқауы, «Шешендік өнерге аз уақыт ішінде үйрету» тиімді курсы, «Көңілді балалар» ойын алаңы (ұлттық ойындар, спорттық ойындар, викториналар, байқаулар, дөңгелек үстелдер), Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» атты сырттай байқауын (үздік эссе, ертегілер, тақпақтар жазу) өткізу жоспарланған.

Осыған байланысты 2015 жылдың шілде айында облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықта «Жас шешен» мектебі бойынша «Шешендік өнерге аз уақыт ішінде үйрету» тиімді курсының сабағы жүргізілді.

Іс-шара «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелерінің қатысуымен өткізіліп, оған барлығы 50 оқушы қамтылды.

Жоспарға сәйкес жазғы демалыс кезінде 362 мектеп жанындағы демалыс алаңдары мен қала сыртындағы 9 лагерьде ұлттық ойындар, спорттық ойындар, викториналар, байқаулар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, оған 36 мыңнан аса бала қамтылды.

2015 жылдың шілде айында облыстық «Балалық шақ» газетінде «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» атты сырттай байқаудың ережесі жарияланып, бүгінгі күні балалардың үздік (эссе, ертегілер, тақпақтар) шығармалары газет беттерінде жариялануда.

Аталған іс-шаралар «Қазақстан - Тараз» телеарнасында және қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланып, көрсетілді.

Сонымен қатар, білім басқармасының сайтында «Мың бала» республикалық мәдени–ағартушылық жобасын өткізу бойынша ақпарат жарияланды.

Жалпы аталған жоба бойынша 535 білім беру мекемелерінде 2358 іс-шара өткізіліп, оған 39623 бала қамтылды.

Кейін қарай