
10 Қазан, 2017
1285
Жамбыл облысындағы украиндар этнос күнін атап өтті
2017 жылдың 7 қазанында Достық үйінде «Мы вместе, мы одна семья» атты фестиваль өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Днепро» украин этномәдени орталығы ұйымдастырды. Бұл күні Достық үйінің арнайы безендірілген конференц-залына өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.
Украина десе, көбінесе ойға биік қорғандар мен тамаша әндер келеді. Фестивальдің ерекшелігі сол - сахна төрінде мемлекеттік және украин тілдеріндегі әндер шырқалды. Концертте Любовь Шахова «Дни и ночи» әнін, «Айгөлек» вокалдық тобы «Алматы» әнін, «Гарні хлопці» вокалдық тобы «Два дубки» танымал украин әнін орындаса, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі Рузалия Ахметшина татар ұлттық әні «Чаботаны» шырқап, көңілді әнімен жиналған қауымды билете әкетті.
Фестиваль аясында украин әндері мен билерінен бөлек, аталған халықтың ұлттық шығармашылығынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды. Әсіресе бет-әлпеті салынбайтын қуыршақтар келушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Украин халқының сенім бойынша, бұл ойыншықтар беті бейнеленбеген жансыз дүние, сондықтан да ешкім мұндай қуыршақтар арқылы адамдарға еш зиянын тигізе алмайды деп сенген. Оны жасаған кезде әрбір түйінге жақсы тілек айтылады, мысалы, тұрмысқа шығуға, бала табуға, денсаулыққа және бақытты болуға. Ол бойтұмар іспетті, яғни адамды бәле-жаладан қорғайды, аурулар мен бақытсыздықты өзіне алып, көмегін тигізеді.
«Днепро» украин этномәдени орталығының төрағасы Федор Клименко мен бірлестіктің басқа да мүшелерін құттықтау үшін іс-шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов және тағы басқа этнос өкідері келіп, ізгі тілектерін білдірді.
Кез келген этнос күні сол халықтың дәстүрлі тағамдарынсыз өтпейтіні белгілі. Қолдан пісірілген тағамдар Украинада бағзы заманнан бері жоғары бағаланған. Әр үйде әйел адамдар нан, бәліштер мен тәтті тағамдар пісірген. Бәліштердің сан түрі: шие, сүзбе, алма, картоп пен ет қосылған – барлығы да өте дәмді. Мерекеге келушілер аталған тағам түрлерінен дәм татып, украин халқының бар болмысымен танысты. Аспаздықтан бөлек, Жамбыл облысында тұратын украин халқы музыкамен, қолөнермен және тілдерін дамытумен айналысады. Бұның барлығы Елбасының дана саясатының арқасы деп біледі олар. Айта кетерлігі, фестиваль ағайынды халықтардың достығы мен бірлігін бекітіп, серіктестікті кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Дата события ассамблеи: 10.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті