04 Шілде, 2019
7426
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ «БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Елімізді мызғымас бірліктің арқасында 130-дан астам өзге ұлт өкілі тату-тәтті тұрмыс кешіп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының туының астына топтасқан сан ұлттың айрандай ұйып, елімізде ұлтаралық келiсiм мен демократиялық қоғам құру, бейбiтшiлiк пен тұрақтылықтың сақталуы жолында бұқаралық ақпарат құралдары айрықша үлес қосып келеді.
Осы ретте өз өңіріміздің де қалам ұстаған қауымы сан алуан этностық топ өкілдері мекендеген облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ел ішіндегі ынтымақ пен береке-бiрлiгінің, достықтың салтанат құруына себепкер болып отырғанын айта кеткен жөн. Олар өңіріміздегі саяси тұрақтылықтың орнықты болуын насихаттаудан еш танған емес.
Осыны жақсы түсінетін Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі жыл сайын жергілікті БАҚ өкілдері арасында байқау ұйымдастыруды үрдіске айналдырған.
Биыл да 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Бір шаңырақ астында» атты облыстық байқау өз мәресіне жетті. Салтанатты шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы меңгерушінің орынбасары, бас инспектор Жасөркен Жақсылық қалам ұстаған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.
«Журналистердің артылған міндеті ауыр. Себебі, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір іспетті болып жүрген олардың жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар елдің тұтастығын сақтауда БАҚ өкілдерінің алатын орны айрықша. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуға қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолындағы абыройлы қызметтеріңіз жемісті бола берсін. Жаңашылдықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдағы ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де құрметті. Мерейлі мереке құтты болсын, ұшқыр қалам иелері!», — деді Жасөркен Жақсылық.
Бұдан кейін құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева байқауда бақ сынап, топтан оза шапқан жүлдегерлерді марапаттады. Нәтижесінде облыстық «ARAI» газеті мәдениет бөлімінің басшысы Нұржан Қадірәлі бас жүлдені (50 мың теңге) иемденсе, осы басылымның саясат бөлімінің басшысы Саятхан Сатылғанов, «Магнолия» газетінен Михаил Бунин, облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Альмира Омарова І орынды (әр қайсысына 30 мың теңге) теңдей бөлісті.
Облыстық «Jambyl» телеарнасының бөлім редакторлары Маржан Қанатова, Ильдар Гизатуллин және республикалық «Казахстанская правда» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Михаил Тё ІІ орынға (әр қайсысына 25 мың теңге) қол жеткізді.
Облыстық «Zhambyl news» ақпараттық агенттігінің журналисі Ирина Кожухарова, облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Лариса Губашева, Тараз қалалық «Жамбыл - Тараз» газетінің тілшісі Арайлым Шәбденова ІІІ орыннан (әр қайсысына 20 мың теңгеден) көрінді.
Өзге де бір топ журналистер байқауға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталып, оларға ақшалай 10 мың теңгеден табыс етілді.
Бас жүлдеге ие болған Н.Қадірәлі таяу арада республикалық «Бір шаңырақ астында» атты байқауда облыс намысын қорғайды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді