Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Маусым, 2025

17

Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті

Бұл отырыс Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру аясында өтті.

Отырыста Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, этносаралық қатынастар саласындағы бөлім басшысы Серікжан Абдыкерімов және «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Даурен Тайлеев баяндама жасады. Кездесу барысында Жамбыл облыстық Достық үйінің қызметі туралы есеп тыңдалды.

Жұмыс кездесуінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында қабылданған шешімдерді және Ассамблеяның 13 қоғамдық жобасын іске асыру жоспарын орындау мәселелері қаралды.

Кездесуде этносаралық өзара іс-қимылды дамытуға, ақпараттық-түсіндіру және мониторингтік жұмыстарды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, өңірдегі қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайтудың негізгі бағыттары, этномедиация мен журналистер клубын дамыту мәселелері талқыланды.

Кейін қарай