Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Мамыр, 2019

3240

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ГЕРМАНИЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Бейбітшілік және келісім сарайындаҚазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары —  ҚР Президенті Әкімшілігі Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Қоныс аударушылар мен аз ұлттардың істері жөніндегі Германия Федералдық үкіметінің уәкілетті өкілі Бернд Фабрициус мырзамен кездесті.

Оның барысында жоғары мейман шақырту үшін алғысын білдіріп, сарай ғимаратының символдық маңызы бар екенін атап өтті, өйткені бұл достық ғибадатханасы Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал.

Встреча во Дворце мира и согласия

Бернд мырзаның айтуынша, бұл тек Бундестаг күмбезін салған белгілі сәулетшінің жобалауымен ғана емес, ғимарат Қазақстан жұртшылығының ашықтығының нышаны – республикада бейбітшілікте өмір сүретін халықтың нышаны болып табылады. 

Встреча во Дворце мира и согласия

Жансейіт Түймебаев Қазақстан мен Германияда тамаша қарым-қатынас орнағанын және Германиямен ынтымақтастықты дамытуда басымдық артатынын атап өтті. Сондай-ақ ол ҚХА жұмысына тоқталып өтті.   

«Сіздерді бірегей және әлемдік саясатта баламасы жоқ қоғамдық келісім институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен және жалпы құрылымымен қысқаша таныстырғым келеді. Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Мемлекет барлық этностың мәдени дамуына қолдау көрсетіп отырады. Бұл елдегі тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуде оң нәтиже береді. Бүгінде республикада 1025 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, оның 29-ы республикалық бірлестік.

Тәуелсіз Қазақстанда «Возрождение» неміс қоғамы және неміс ұлттық мәдени орталықтары құрылды. 1994 жылы Алматыда Неміс үйі ашылды, ол бүгінде немістердің мәдени және әлеуметтік-саяси өмірінің орталығына айналды», – деді Жансейіт Түймебаев.

Оған қоса Қазақстандағы неміс ұлтының азаматтары (шамамен 180 мың адам), сондай-ақ Германияда өмір сүретін бұрынғы қазақстандықтар (900 мыңнан аса адам) және этникалық қазақтар (шамамен 1 мың адам) екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартатын маңызды буын болып саналатын атап өтті. ҚР-дағы неміс этносы мүдделерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасында өмір сүретін этникалық немістердің мәселелері жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық комиссиясы қызмет атқарады. ҮАК-ның 17-інші отырысы Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы 20 мамырда өтті.

Неміс тарапы Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін гуманитарлық жобаларды дамытуға көмек көрсетуде. Жалпы, Қазақстан мен Германияның көпжоспарлы ынтымақтастығын дамыту – екіжақты қатынастың ұзақ мерзімді сипатын растайды.

ҚХА басшысының орынбасары атап өткендей, саяси диалог ашық және сенімді сипатқа ие.

«Германия Қазақстанның жетекші экономикалық серіктестерінің қатарына кіреді. Неміс инвестициясының шамамен 90%-ы экономиканың шикізат емес секторына барады. Қазіргі уақытта Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 900 экономикалық құрылым жұмыс істейді. Бұл бірлескен кәсіпорындар, неміс компаниялары мен банктердің өкілдіктері. Қазақстанда 450 неміс кәсіпорны құрылған. Ынтымақтастық өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы, логистика және экономиканың басқа да салалары сияқты салаларда жүзеге асырылуда. Ынтымақтастық өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы, логистика және экономиканың басқа да салаларында жүргізілмек», – деді ҚХА Хатшылығының басшысы.


Встреча Ф.Бернда и Ж.Туймебаева.jpg

Жансейіт Түймебаев делегацияны Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы мен қызметімен таныстырды және этникалық мәселелерді саяси мақсатта пайдалануға жол берілмейді деген Қазақстанның қағидатты ұстанымын жеткізді.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы желісі бойынша бірқатар жобалар табысты жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Яғни, келісім аясында DBB неміс Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстанның жас мемлекеттік қызметкерлеріне арналған тағлымдамалық бағдарламасын ұсынады.

Сонымен қатар ГФР-да Қазақстанның 300-ден астам студенті білім алады және олардың саны тек қана өсе түспек. 

Жансеит Туймебаев.jpg

Әңгіме барысында Хатшылық басшысы Қазақстанның неміс ұлтты азаматтарының маңызды байланыстырушы буыны, ал зор жетістік – КСРО ыдырағаннан кейін отанына оралған қазақстандық немістер деп атап өтті.

«Қазақстанда неміс диаспорасының мүдделерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер, немістер қоғамы мәселелері бойынша қазақстан-герман үкіметаралық комиссиясы жұмыс істейді. 173 мемлекеттік мектепте неміс тілі шет тілі ретінде оқытылады. Қазақ-неміс университеті жұмыс істейді, 2000 жылдан бастап екінші дәрежелі неміс тілі дипломын алуға арналған халықаралық жобалар жүзеге асырылуда», – деді Жансейіт Түймебаев және қазақстандық тарап одан әрі көмек көрсетуге дайын екенін алға тартты. 

Қоныс аударушылар мен аз ұлттардың істері жөніндегі Федералдық үкіметтің уәкілі Германия үкіметінің атынан Қазақстанда тұратын этникалық немістерге көмек көрсеткені және қамқорлық танытқаны үшін алғыс білдірді.

«Германияға көшіп келген немістер мен Қазақстанның этникалық немістерінің арқасында қос елдің арасын байланыстырып тұрған өте құнды тұрақты көпірге иеміз. Олар Қазақстан мен Германия арасындағы осы жақсы өзара қарым-қатынастардың иесі болып табылады. Біз Қазақстанды бүкіл өңірдегі тұрақтылық факторы ретінде көріп отырмыз, Қазақстанда бар ашықтықты және тұрақтылық үшін негіз болып табылатын экономикалық дамуды жоғары бағалаймыз және қолдауға ниеттіміз», – деп, өз сөзін қорытындылады Бернд мырза. 

Вручение книги Н. Назарбаева.jpg

Кездесу соңында ҚХА Басшысының орынбасары құрметті қонаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеясы» атты кітабын сыйға тарту етті. 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Кейін қарай