
04 Шілде, 2019
4800
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ӨҢІРЛІК ҚХА ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаевтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылықтарының басшыларымен селекторлық жиын өтті.
Іс-шараға ҚХА орталық және өңірлік құрылымдарының жауапты өкілдері қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын нығайтуда жақын арада орындалған және орындалуы тиіс өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Жансейіт Түймебаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып үн қатып, өңірлік филиалдары арқылы ауқымды гуманитарлық көмек ұйымдастырғанын» атап өтті. ҚХА мүшелері көрсеткен көмектің жалпы сомасы бүгінгі таңда 87 млн теңгеден асты. Өңірлік ҚХА Хатшылықтарына Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы штабтармен басталған жұмыстарды әрі қарай тығыз байланыста жалғастыру тапсырылды.
Ж.Түймебаев ҚХА XXVII сессиясы бойынша Елбасы тапсырмаларын, оның ішінде келесі жылы атап өтілетін Ассамблеяның 25 жылдығына дайындықты жүзеге асыру керектігін атап өтті.
Маңызды басымдық – Ассамблея қызметін ақпараттық-сараптық сүйемелдеудің, сондай-ақ әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын күшейту. Жиын барысында Ж.Түймебаев қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша халықтың сұранысына жедел үн қатып, мәселені шұғыл шешуге ұмтылыс жасаудың маңыздылығына баса назар аударды. Осы және басқа да аспектілер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, селекторлық жиын барысында өңірлерге «Казконтент» АҚ жетілдіріп шығарған Қазақстан халқы Ассамблеясы ішкі порталының жобасы таныстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді