09 Ақпан, 2020
1836
Жансейіт Түймебаев: Орын алған оқиға тек тұрмыстық сипаттағы кикілжің
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі тапсырмасы бойынша Үкімет комиссиясының құрамымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев сенбі күні Жамбыл облысына барды.
Қордай, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елдімекендеріндегі жағдаймен танысып, жаппай төбелес салдарынан қаза болған отбасыларға көңіл айтты. Ауруханада жатқан азаматтардың жағдайын біліп, жергілікті тұрғындармен, аудан ақсақалдарымен, ҚХА мүшелерімен, этно-мәдени бірлестік басшыларымен кездесулер өткізді.
Жексенбіде де комиссия жұмысын жалғастырып, қазақ-қырғыз шекара пункттеріндегі ауыл тұрғындарымен сөйлесіп, тұрғындарды үйлеріне қайтып оралуға шақырды.
Сондай-ақ Жансейіт Түймебаев орын алған оқиғаның тек тұрмыстық сипаттағы кикілжің екенін тағы да атап өтті:
«Өңірдегі тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған Үкімет комиссиясы оқиғаның салдарын жою бойынша барлық қажетті шараларды атқаруда. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Кінәлілер, жеке азаматтар, әсіресе кикілжіңді тудырғандар мен арандатушылар заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады.
Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім еліміз үшін ең қымбат қазына екенін ұмытпауымыз керек».
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29