
10 Сәуір, 2019
1502
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: САЙЛАУ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫН РАСТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен 2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына арналған ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қоғамдық келісім кеңестерінің, Аналар кеңесінің, ғылыми-сараптамалық кеңестің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері қатысты.
Отырыстың ашылуында Жансейіт Түймебаев алдағы кезектен тыс Президент сайлауын маңызды саяси оқиға деп атады.
«Бұл өте маңызды, еліміздің дамуына кажетті қадам», – деді ол.
Сондай-ақ ҚХА Басшысының орынбасары ағымдағы жылдың наурыз айындағы жоғарғы билікті ауыстыру Негізгі заңның талаптарына сәйкес жүргізілгенін атап өтті.
Билік тұрақтылығының жоғары деңгейін, демократиялық институттардың пәрменділігін, саяси мәдениет пен азаматтардың бірлігін атап өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы сайлау елдің ішкі және сыртқы саясатының сабақтастығы мен болжамдылығын растауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды шешімге қатысты өз ұстанымын жеткізіп, қолдау көрсеткені жөн деп есептеймін», – деді Жансейіт Түймебаев.
Кеңестің кеңейтілген отырысында Ассамблея Төрағасының орынбасары, «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Виталий Тварионас енді ішкі саяси үдерісте барлық кезеңдер нақты көрсетіліп, уақыт шеңбері белгіленгенін атап өтті.
Оның айтуынша, президенттік сайлау, бір жағынан ел дамуының негізгі мәселелері бойынша жаңа қоғамдық консенсус жасауға, ал екінші жағынан қоғамға ықтимал баламалы шешімдердің барлық спектрін көрсетуге мүмкіндік береді, олардың үздіктерін жаңадан сайланған Президент ескеретіні сөзсіз.
Отырыста сайлауға қоғамдық қолдау көрсету туралы ұсыныстарын білдіре отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ астаналық филиалының жетекшісі Рустам Абдусаламов, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ҚБ мүшесі Белла Газдиева, «Polonia» Қарағанды облыстық поляк қоғамы» ҚБ төрағасы Виталий Хмелевский, Қарағанды облысының ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков сөз сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша Ассамблея Кеңесі сайлаушыларға Үндеу қабылдады, оны «Злата» болгар мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Ольга Андриевская жариялады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуінің мәтінінде ҚХА Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайтыны туралы айтылады: «Біз болашақ үшін өзіміздің жауапкершілігімізді сезіне отырып, халық пен елдің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, өзіміздің азаматтық және патриоттық парызымызды орындай отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдаймыз».
ҚХА ҮНДЕУІНІҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН МЫНА ЖЕРДЕН ОҚУҒА БОЛАДЫ
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Оқи отырыңыз:
ШҰҒЫЛ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫНЫҢ КҮНІ БЕЛГІЛЕНДІ
ШАЙМАРДАН НУРУМОВ: ПРЕЗИДЕНТТІ АНЫҚТАУ – ХАЛЫҚ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ІС
САУЫТБЕК АБДРАХМАНОВ: БІЗГЕ АНЫҚТЫҚ, АШЫҚТЫҚ, АЙҚЫНДЫҚ КЕРЕК
Дата события ассамблеи: 10.04.2019
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті